Бәсекеге қабілетті өндіріс орындары бар

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары   Мұрат Теміржанов, Сергей Звольский және Петр Шарапаев Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында  өнеркәсіптік қала  Степногорскіде болды.

Халық қалаулылары  өз жұмыстарын  елімізде теңдесі жоқ теміржол подшипниктерін шығаратын «ЕПК-Степногорск» акционерлік қоғамының кәсіпорын ұжымымен кездесуден бастады.
Мұрат Теміржанов кәсіпорын жұмысшыларына Мемлекет басшысының Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты   Үндеуінің   маңыздылығына тоқталып, Үкімет және Парламент өкілеттігінің  арта түсетіндігін айтты. Еліміздің бағыт ұстап отырған демократиялық даму жолы осындай өзгерістерді қажет етеді. Бұдан әрі Петр Шарапаев  халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының өскені туралы және Жолдауда айтылған 3D-принтинг, сандық  қызмет көрсету, денсаулық сақтау, онлайн-сауда, мобильді банкинг, білім беру саласын дамыту сияқты Жолдауда қамтылған мәселелерге тоқталып, кеңінен түсіндіріп берді.  
Жолдауда білім саласына қатысты біраз мәселелер қамтылғаны белгілі. Осыған орай, Мәжіліс депутаттары қаладағы № 2 құрылыс-техникалық колледжінің оқытушыларымен және оқушыларымен кездесті. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқыту көзделген.  «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырылуда  халық қалаулылары осы жайында жан-жақты әңгімелеп берді.  
Кездесу соңында депутаттар «Қазақстанның жылыжай технология-сы» серіктестігінде болып, көкөніс өсірудің технологиясымен танысты, әрі қалада бәсекеге қабілетті өндіріс орындары барына тағы бір көз жеткізді.
 
Сергей ЖАРОВ.
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар