Бәсекелестікке қол жеткіземіз

Инфляциялық таргеттеу шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін бастан-аяқ мұқият тыңдап шыққанымызда, дұрыс әрі стратегиялық жолды таңдағанының куәсі болдық. Мемлекет басшысы өз сөзінде өндірісті жетілдіріп және оған кетер  шығындарды азайту жөніндегі тапсырмасы орындалып жатқандығын жеткізді. Расында да, соңғы жылдары байқап отырғанымыздай, «Бизнестің жол картасы-2020»,  «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» тәрізді елімізде кәсіпкерлікті дамыту бағытында қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында  өнім көлемі едәуір артты. Бұған біз қуанбасақ, еш өкінбейміз. Соның арқасында валюталық несие дегенді ұмыттық. Бүгінде басқа да қаржы тетіктері жеткілікті. Бұл бізге өндірісті жүргізіп қана қоймай, оны кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, отандық кәсіпкерлердің әлемдік нарықта бәсекелестікке қарсы тұруына мүмкіндік туып отыр.
Жасыратыны жоқ. Қазіргі кезде,  шет елдерден арзан әрі сапасыз өнімдер көбейіп кетті. Бұл өз кезегінде біздің кәсіпкерлердің өнімдерінің сатылуына кедергі келтіргені анық. Сондықтан,  бүгінгідей шешуші қадам осындай олқылықтарды жоюға септігін тигізетініне толық сенемін. Әсіресе, жаңа инфляциялық таргеттеу режімі  шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырады және жағдайды отандық тауар өндірушілердің пайдасына шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Уәлихан ҒАБДУЛЛИН,
Ақмола облыстық кәсіпкерлер  палатасының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар