Баба рухына арналды

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы дала рухы» жобасы аясында Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған шара болып өтті.

Бұл шараға Балуан Шолақтың туысқаны Махмұд Мұқатаев, Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің оқушылары қатысты.
Алдымен шара шағын экскурсиядан басталып, аталмыш музейдің ғылыми қызметкері Күміс Қасымбаева балуанның өмірі мен шығармашылығына аз-кем тоқталып, Сарыарқаны сазды әуенімен тербеткен өнерпаз дарынның артына қалдырған бай мұрасымен таныстырды. Теңдессіз алып күштің иесі, жауырыны жерге тимеген палуанның ерлік істері де кеңінен сөз болды. Жиында театрландырылған жәрмеңке де жұртшылық назарына ұсынылды. Ұлттық музыкалық аспаптар жасайтын шебер Шоқан Елеманов колледж оқушыларына шеберлік сыныбын өткізсе, облыстық жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің шәкірттері ұлттық спорт түрлері бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Шарада Көкшетау қаласында тұратын Балуан Шолақтың туысқаны Махмұд Мұқатаев халық композиторының өмірінен сыр шертіп, асқан дарын иесінің бай мұрасын насихаттау өскелең ұрпақтың парызы мен міндеті екенін атап өтті.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар