Байқауға 938 оқушы қатысып, 60-сы жеңіс тұғырынан көрінді

«Достар» мәдениет сарайында Көкшетау қаласының білім бөлімі қалалық пәндік олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. 

 

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқалардан оздым деген ақымақтық» – деп Абай өзінің он сегізінші қара сөзінде  айтқан екен. Иә, білімді адамның  алмайтын қамалы, аспайтын  асуы болмайды. Яғни, бүгінгі күні адам тек өз білімімен ғана мақтанып,  жақсы нәтижелерге  қол жеткізеді. Содан болар,  мемлекетімізде  білім беру саласына жылдан-жылға талаптар күшейіп келеді.
Қалалық пәндік олимпиаданың  жүлдегерлерін  марапаттау рәсімінде  бүгінгі ұрпақтың білім деңгейі анық көрінгендей болды. Көкшетау қаласының білім ошақтарынан  938 оқушы байқауға қатысып,  бақ сынады. Он бес  пән бойынша өткізілген білім жарысында  60  оқушы  жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды 124 оқушы алса, үшінші орын 177 оқушыға бұйырды.
Салтанатты кеште Көкшетау қалалық білім бөлімінің басшысы  Бейбіт Жүсіпов   байқау  қорытындысына байланысты ой-пікірін айтып, жүлдегерлерге жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ,  мектеп оқушыларын білім көкжиегін кеңейте беруге шақырды. Бұдан кейін пәндік олимпиадада жүлделі орындарға ие болған мектеп оқушылары  мен білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар  және  оқуға жақсы жағдай жасап отырған  ата-аналар марапатталды.
Айта кетерлігі, олимпиада жүлдегерлеріне   Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың  атынан  ноутбук, планшет және жазғы демалысқа  «Звездный» лагеріне жолдама берілді. Сонымен қатар, білім жарысында  екі жыл бойы жүлделі  бірінші орын тұғырынан көрінген  Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясына   диплом  мен  ноутбук берілді. Ағылшын тілінен өткен пәндік олимпиадада  бірінші орынды иеленген аталмыш мектеп-гимназияның 11 сынып  сынып оқушысы  Мира Балташеваның әкесі Марат Балташев «Оқушының тұлға болып қалыптасуы жолында ұстаздың рөлі зор, сол себепті, білімнің шырағын жағатын ұстаздар қауымына  ризашылығымды  білдіремін», – деп  ақ  алғысын айтты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар