Балаға білім берудің ерекшеліктері де бар

«Мектеп» білім беру ұйымдары қызметкерлерінің қауымдастығы  инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесімен бірлесе отырып, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін қолжетімді орта құру және оны жетілдіру жөніндегі жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында аймақаралық конференция өткізді.

Аталмыш шараға Ақмола облыстық және Көкшетау қалалық мәслихаттарының депутаттары, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Сорос-Қазақстан» қорының өкілдері, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының білім басқармалары мен бөлімдерінің, «Өрлеу» ұлттық біліктіліктерін арттыру орталығының басшылары мен мамандары, облысымыздың тірек мектептерінің, жоғары оқу орындарының және техникалық-кәсіптік оқыту ұйымдарының ұстаздары қатысты.
Бұл арада бір атап өтерлігі, жұмыстың аталмыш бағыты  ойлау қабілеті төмен немесе дене дамуында кемістігі бар, сондай-ақ, тұрмысы нашар отбасылардың балаларына білім алудың тең жағдайын жасауды жүзеге асырудың тетіктерінің бірі болып табылады. «Жалпы білім беретін мектеп жағдайларында ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларды оқытудың инклюзивтік практикасын енгізу бойынша Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі білім беру ұйымдарының желілік өзара қарым-қатынасы» жобасының қорытындысы бойынша мақалалар жинағы шығарылды.  Аталмыш жинақта мұғалімдердің жинақталған мол тәжірибелері жайлы мақалалар топтастырылған.   
Аймақтық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар білім басқармалары мен ұйымдарының желілік өзара қарым-қатынастарының тетіктерін талқылай келіп, инклюзивті білім беру міндеттерін жүзеге асырудың негізгі бағыттарын түсінудегі ортақ ұстанымдарды келісіп, нұсқаулықтар әзірледі.
Шараға қатысушылар білім мекемелерінің жоғарыда аталған бағыттар бойынша бірлесе атқарған жұмыстары инклюзивті білім берудің сапасын арттыру үшін қолайлы жағдайлар туғызатындығына сенім білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар