Бала асырап алу бақыты

немесе  толғауы тоқсан тіршілік

 

Облыс орталығында бір перзентке зар болып жүрген отбасылар мен  балалар үйінен бала асырап алған ата-аналар үшін  «Ана үйі» қоғамдық қоры жанындағы  «Бала асырап алуға қолдау көрсету» орталығы  семинар  өткізді.

 

Шара барысында асыранды балалармен қалай тіл табысу қажеттігіне, бала жаңа отбасына үйренгенше қандай қиындықтар болатындығы және  осындай бүлдіршіндер тәрбиесінде қандай  мәселелерге көп көңіл бөлу керектігі  жөнінде сөз болды. Сонымен қатар, бала асырап алуға ниет етіп жүрген  жандар облыстық білім басқармасының бас маманы Арай Әбеноваға    өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Маман  өз кезегінде:   
– Баланы асырап алу бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді. Кейбір ата-аналар бала асырап алып, одан соң, бас тартатын жағдайлар кездесіп жатыр. Алайда, бұл жерде балаға жаңа отбасына үйреніп кету үшін  демеп,  оны   өз баласындай жақсы көру қажет. Ал, егер бас тартқан жағдайда  бала  жан күйзелісіне ұшырайды. Сондықтан, әр адам бұл істе  «жеті рет өлшеп,  бір рет кесу қажет», –  деді.  Бұдан бөлек ата-аналар баланы ертеңгі күні қатарынан кем етпей өсіру үшін материалдық тұрғыда тұрмыстары жақсы болып, заңды тұрғыда да сауатты болуы артық етпейді.
Семинарға қатысқан бір келіншек   балалар үйінен 5 жастағы  бір қыз баланы  асырап алғандығын, қазір ол 12 жасқа толғандығын айтты.  Осы жылдар  аралығында баланың психологиясын түсіну  анаға   қиындық соқтырған екен.  Сол себепті, ол  баланы  өз қамқорлығына аламын деген жандарға әуелі  бірнеше ай бойы онымен сөйлесіп,  бірге қыдырып,  өзіне үйрету қажет. Бұдан бөлек, бала балалар үйінде болғанда  оның тамағын пісіріп беретін, киімін жуатын мамандар болады.  Көп жағдайда олар  еден, ыдыс жуу деген жұмыстарға араласпайды. Ал,  ата-анасымен бірге тұрып жатқан бала  міндетті түрде оларға үй шаруасына көмектесетіні мәлім. Осы орайда, балалар үйінен келген балалар үшін үй шаруасына жаңа отбасында  көмектесу ол таңсық дүние.  Сондықтан, да олар ата-аналары үйдегі бар шаруаны маған жасатады деп кей жағдайларда шағымданып, түсінбеушілік танытатын көрінеді.  Дегенмен,  бұл мәселелер уақыттың еншісінде екендігін  психолог Сергей Комаров айтады. Ең бастысы, ата-аналар бастарына қандай жағдай түссе де шыдамдылық   бала тәрбиелеу жолында аса қажетті екендігін жеткізді.
«Ана үйі» қоғамдық қорының жанынан ашылған   «Бала асырап алуға қолдау көрсету» орталығының  осы өңірдегі өкілі  Құралай Жұмабекованың  айтуынша, өткен жылдан бастап  бала асырап  алу жөнінде   20 адамға  құқықтық және психологиялық  тұрғыда  сабақтар өткізген. Жалпы, бұл орталық  отбасылық құндылықтарды сақтауға, еліміздегі  жетімдер  санын азайтуға бағытталған.  Қазақстан бойынша осындай 25 орталық жұмыс істейді.  Бұл  бала асырап алу  болашақ ата-анаға   үлкен дайындықты талап еткендіктен болар.

Назгул Рабилова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар