Бала тілін жетілдірудің маңызы зор

Соңғы жылдары балалардың тіл дамуы төмендеді. Бүлдіршіндеріміздің сөз қорының аздығы актуалдық мәселеге айналғалы қашан. Ғалымдардың ұзақ жылғы зерттеуінің нәтижесінде, балалардың тіл дамуы саусақтың қозғалуына байланысты деген тұжырым жасалған.

Сонымен қатар, саусақтың қозғалуы, баланың жасына сай болу керек екендігі де жиі айтылып келеді. Ғылыми тұрғыдан алғанда балалардың тіл дамуы қол арқылы дамиды. Мәселен, ми мен ұсақ қол моторикасының өзара байланысы бар, өйткені, мидың әр қабығы бір денеге жауапты бірнеше бөліктен тұрады. Мидың қабығында қозғалыстық сипатты анықтайтын бөлік бар. Оның қабығының үштен бір бөлігі қол мойнының қозғалыстық қабілетімен байланысты және мидың сөйлеуге жауап беретін аймағы бір-біріне өте жақын орналасқан. Егер баланың саусағы нашар дамыған болса, ол оның сөйлеу қабілетіне әсер етеді. Осыған байланысты ғалымдар қол мойнының буынын артикуляциялық аппарат сияқты «сөйлеу органы» деп те атайды. Бала тілін дамыту үшін сөйлеу органын ғана емес сондай-ақ, ұсақ қол моторикасын да дамыту қажет.
Қолдың ұсақ моторикасы баланың дамуына, оқуына өте маңызды. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру шарт: есіктің тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау тәрізді. Өкінішке орай, көп ата-ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарындашпен жазып үйренуі керек.
Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы бала тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз, дамытушылық бағыттағы ойын жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді.
Баланың қол еңбегін арттыру үшін не істеу керек? Қолмен ермексазды жұмсарту, алақандарымызды жұмып ойын ойнау, екі қолдың саусақтарымен алдымен ақырын, біресе ұрланып, содан кейін тез жүгіріп келуі. Жаттығу алдымен оң қолмен, содан кейін сол қолмен жасалады. Ауада саусақпен сурет салу, тиімді түймелерді тағып-ағыту, бауды байлау, құлыпты ашып-жабу, қақпақтарды жабу, механикалық ойыншықтарды кілтпен жүргізу, бұрандалар мен сомындарды бұрау, конструктор ойыны, құммен сурет салу, түрлі-түсті борлармен тұзды, шекерді, ұнтақ жарманы бояу тәрізді ойындар баланың дамуына көп септігін тигізеді.

Рая МҰҚАНОВА,
Краснояр селосының №13 «Әмина» балабақшасының тәрбиешісі.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *