Бала жан-жақты жетілсін десек

«Психологиялық мәдениетті дамыту мен қолдау» қоғамдық қоры  жасөспірімдер мен жастардың   арасындағы қандайда бір тәуелділікке бой алдырудың себебі мен оны шешу жолдарына арналған  дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Аталмыш қоғамдық қордың жетекшісі Ирина Терентьева ата-ана баласына үлгі болуы қажеттігін айтып,   балаларды тек  қана бағып-қағумен ғана шектелмей, жеке өз бастарының өнегелі үлгісі арқылы өмір сабақтарын үйрету қажеттігіне баса назар аударды. Өкінішке орай, мектеп бітірген түлектердің кейбірі теріс жолға түсуі  адамдармен қалай тіл табысуды, қиындықтан  қалай шығуды білмей өсуінен болып жатады.
Қор маманы Сәния Бекмағамбетова  психологиялық  және диагностикалық бағытта  атқарып  жатқан жұмыстары жайында баяндап берді. Ол өз сөзінде жастардың  компьютер ойындарына шектен тыс  құмарлығы, әртүрлі  діни секталардың  қармағына түсіп қалу қаупінің көптігі туралы айтып, оның залалды салдарына тоқталды.
Спортпен айналысу жастарға да, жасамыс адамдарға да пайдалы.  Дегенмен, көп ата-аналар  балаларының қызығушылығына назар аудара бермейді. Мұның балаға пайдасы емес, көп жағдайда кері әсері болады. Осы орайда, ата-ана мен ұстаздар болып баланың мүмкіндігі мен қызығушылығын ескеріп, оның жан-жақты дамуына жол ашуға бағыт-бағдар беріп отыруы керек.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар