Балалар қараусыз қалмасын

Жыл сайын еліміз бойынша жаз айларында ата-аналардың бейқамдығынан ондаған бала терезеден құлап, түрлі дәрежеде жарақат алып, тіпті, мерт болып жатады.

Биыл жазда ғана еліміздің әр өңірінде осындай 31 оқиға орын алып, соның салдарынан 7 бүлдіршін қаза тапқан екен.
Жаздың қапырық ыстық күндерінде көп қабатты үйлердің тұрғындары әдетте күндіз-түні терезелерін ашып қояды. Сәби ата-ананың сәл көзі тайған сәттерінде терезеге шығып, қайғылы жайттар орын алып жатады. Мұндай бақытсыздықтан аулақ болу үшін қарапайым сақтық шараларын жасаса жеткілікті. Ондай шаралардың қатарында: терезеге жақын жерге орындық, басқа да заттарды қоймау, масаға арналған тор баланы құлатпайды деп санамаңыз, бұл мұндай мақсатқа арналмаған, пластик терезелерді түгел ашпай, жоғары жағын ғана ашық қалдырған жөн, ең бастысы, сәбиді ешқашан жалғыз қалдырмаңыз. Міне, осындай сақтық шараларын жасағанда сәбилеріңіз бақытсыздықтан аулақ болады.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар