Балалар жасаған құлтемірлер

арамызда небір жас дарындардың барын байқатты

Облыс орталығындағы №2 мектеп-гимназиясында І облыстық робот техникасы байқауы болып өтті. Жас ерекшеліктері 11-18 жас аралығындағы талантты балалар өзара бақ сынасып, барлығы 82 оқушы  сынға түсті.
Жас өнертапқыштардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында мектепте арнайы көрме де ұйымдастырылған. Аталмыш шараға Қарағанды қаласынан келген «Базисный магазин» компаниясының өкілдері өз өнімдерін көпшілікке таныстырды. Компания менеджері Андрей Семеренконың айтуынша, робот техника саласы жыл сайын қарқынды дамып келеді. Осыған байланыс-ты роботтардың да сан түрі қолданысқа енгізілуде.  Бұл салаға әсіресе, компьютер тілін жетік білетін өскелең ұрпақ зор қызығушылық танытуда.    
Байқаудың ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова алғашқы рет өткізілгелі отырған білім сайысында қатысушылардың барлығына сәттілік тілеп, ақжарма тілегін арнады.
Заманауи технологиялар мен компьютерлік бағдарлаудың қыр-сырын меңгерген жас өрендер бес аталым бо-йынша білімдерін сарапқа салды. Олар механикалық сумо, сызықтың бойымен жүру, лабиринт, шығармашылық және кегельринг аталымдарында өздері құрастырған роботтарды сынап көрді. Байқау шарты бойынша  оқушылар белгіленген уақыт ішінде  көлемі 15 сантиметрлік текшеден,  салмағы  1 килограммнан аспайтын робот құрастырып шығуы керек. Өңіріміздің колледждері мен мектеп оқушылары қатысқан бұл додада өзара бәсекелестіктен гөрі білмекке ұмтылу, жаңашылдыққа талпыныс байқалды.
Атап айту керек, үздіктер қатарынан Степногорск қаласындағы №2 индустриалды  колледжінің, Атбасар қаласындағы №1 индустриалды колледжінің, Көкшетау қаласындағы жоғары колледжінің, дарынды балаларға арналған Көкшетау қаласындағы қазақ-түрік лицейінің, Целиноград ауданының №30 орта мектебінің, Қорғалжын ауданының Дружба орта мектебінің,
облыс орталығындағы «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының, сондай-ақ, «Роботрек» халықаралық робот техникасы клубының Ақмола облысы бойынша  Казроботикс федерациясының командалары жеңіс тұғырынан көрінді.
Байқау жеңімпаздары дипломдар және арнайы кубоктармен марапатталды. Сондай-ақ, додаға қатысқан барлық үміткерлерге сертификаттар табыс етілді.
Білім берудегі осындай тың ізденістер балалардың ой-өрісін дамытып, болашақта техниканың құлағында ойнайтын айтулы инженер-техниктер қатары молая түсетініне сенім зор. Мамандардың айтуын-
ша,  жөргегінен техника тілін біліп өскен өскелең ұрпақ алдағы уақытта құлтемірге жан бітіріп, сөйлететін де күн алыс емес. Қуантары, жаңалыққа құмар ұлағатты ұрпақ желкілдеп өсіп келеді!..

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар