Баланы қызықтыра отырып…

Еліміз егемендік  алғаннан бері бұрыннан қалыптасқан білім беру жүйесі өзгеріп, өзіндік жаңалықтармен ерекшеленуде. Соған қарамастан, тәрбие ісінде ұстаз бен баланың және ата-ананың өзара қарым-қатынасы басты орын алады.

Қарым-қатынас – педагог, бала, отбасы жетекшілерінің  бөлінбейтін элементі. Жеке және топтық сабақтар,  сабақтан тыс іс-шаралар, ата-аналар жиналысы, дөңгелек үстел, тренингтер, ашық есік күндері – мұның бәрі отбасы арасындағы қарым-қатынас негізі. Педагог балалармен қарым-қатынас жасай отыра, оның жеке тұлғалық ерекшеліктерін айқындайды,  отбасы жайлы ақпарат алады. Қарым-қатынас педагог пен бала, ата-ана арасындағы біріккен әрекеттерді реттейді, өзара әсерін қамтамасыз етеді, педагогикалық процестің тиімді өтуіне септігін тигізеді.  Отбасы – бала үшін өмірлік маңызды әлеуметтік орта.
Отбасының жылылығы мен махаббаты – баланың өзіне сенімін арттырып, болашағына нық қадам жасауға зор ықпал етеді. Қазіргі заман талабына сай  ұстаздар ата-аналармен сабақтастық жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, тренингтер, рөлдік ойындар, дөңгелек үстел, көрмелер, дәрістер түрінде оңтайлы жұмыстар жүргізуде. Педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі педагог пен баланың,  ата-ананың рухани баюы. Бала тәрбиесі – еліміздің болашағы және ертеңінің қамы, педагогтар мен ата-аналардың біріге жұмыс жасауы бала тәрбиесінің мазмұны мен мәнінің артуы-на және дамуына үлкен үлес қосады.

Ажаргүл  ШӘРІПОВА,
№13 «Әмина» балабақшасының тәрбиешісі.

Краснояр селосы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар