Барлық үміткерлерге – тең жағдайлар

Ақмола облыстық мәслихатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына үміткерлер үшін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде тең жағдайлар жасау мәселелерін қараған мәжіліс өтті.

Оның жұмысына саяси партиялардың өкілдері, облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер, сайлау комиссия-ларының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты. Алғашқы болып сөз сөйлеген облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділхан Шаяхметов атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Сайлауда  1081 сайлау комиссиясы, соның ішінде облыстық мәслихат сайлауы бойынша 20 аумақтық, 33 округтік, қалалық мәслихат сайлауы бойынша 29, аудандық мәслихат сайлауы бойынша 214 округтік және құрамында 7567 адам бар 785 учаскелік сайлау комиссия-сы жұмыс істейді. Ақмола облысы бойынша ұсынылған 934 үміткердің 863-і тіркелді, соның ішінде: облыстық мәслихатқа  ұсынылған 110 үміткердің 102-і, қалалық мәслихатқа 105 үміткердің 100-і, аудандық мәслихатқа 719 үміткердің 661-і тіркелді. Саяси партиялар бо-йынша ұсынылған 292 үміткердің 280-і тіркелді.
Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Ольга Добычина саяси партиялар мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына үміткерлер үшін сайлауалды үгіт-насихатты жүргізу кезінде тең жағдай жасау мәселелері жайында ақпарат берді.
Сайлауалды үгіт-насихатты өткізу және тең жағдай жасау тәртібі «Қазақстан Респуб-ликасында сайлау туралы» Конституциялық заңының 5 бөлімінде айқын көрсетілген. Үгіт-насихат жұмыстары құрылған сайлау қорларынан, мемлекет тарапынан үміткерге бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылуы мүмкін. Сайлау қорларын қажет етпейтін азаматтар, қоғамдық бірлестіктер шараларды өткізуге құқылы. Баспасөздегі барлық үгіт материалдарында шығарған ұйым мен орны, тиражы, тапсырыс берген тұлға, қандай қаражаттан төленгені жайлы мәліметтер болуы керек. Авторлығын анықтау мүмкін емес үгіт материалдары анонимді болып табылады, ондай материалды таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Үгіт-насихат материалдарын орналастыруды тәртіпке келтіру, барлық үміткерлерге тең жағдай туғызу мақсатында жергілікті атқару және өзін-өзі басқару органдары оларға келісімшарт негізінде сайлаушылармен кездесу үшін ғимарат ұсынады. Ғимаратты ұсыну шарты барлық үміткерлер үшін бірдей және тең болуы қажет.
Үміткерге, саяси партияларға сайлауалды үгіт-насихат қызметтерін көрсететін жеке және заңды тұлғалардың қызмет көрсетуге жазбаша келісім болуы керек. Ондай келісімдері жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар