Бармағынан бал тамған жан

Облыс орталығында орналасқан «Шығыс тәттісі» кондитерлік цехында еңбек ететін Райхан Сәрсекеева торттың түр-түрін жасаудың нағыз шебері.

 

Ол Ресейдің Омск қаласында туған. Кондитер болуды балалық шағынан армандап, осы мамандықтың қыр-сырын анасынан үйреніпті.  Алғашында тоқаш пен чәк-чәк пісіруді меңгерген.
Орта мектепті тәмамдаған соң техникумда оқып, метролог мамандығын алып шығады. Бірақ, көңілі кондитер мамандығына ауа берген. Сөйтіп, еңбек жолын Омск қаласындағы кондитер цехында бастап, тиісті тәжірибе жинақтайды. Кейін Көкшетау қаласына қоныс аударып, «Шығыс тәттісі» кондитер цехына жұмысқа орналасады. Одан бері де он жыл өте шығыпты.
– Цех облыс және аудан орталықтарында орналасқан дүкендердің тапсырысын орындайды. Жұмыс әсіресе, Жаңа жыл мерекесі мен Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көбейе түседі. Ондай күндері тәулігіне мыңнан аса торт жасауға тура келеді. Менімен бірге бес адам жұмыс істейді. Олар да өз ісінің шеберлері әрі сүйген істеріне шынайы берілген.  Арнайы қондырғылар арқылы «балды» және «бисквит» торттарының түр-түрін жасаймыз. Бізде басқаларына қарағанда баға арзандау болғандықтан, тапсырыс та толастап көрген жоқ, – дейді Райхан бізбен әңгімесінде.

Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Суретте: кондитер Райхан Сәрсекеева.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар