«Бастау Бизнес» жобасы көмектесті

Осы жобаға қатысушы  Ғайни Ахметова ұлттық оюмен өрнектелген автокөлік жапқышын тігуді қолға алды.

Ғайни шығармашылықпен айналысуды бала кезінен жақсы көретін. Мектеп қабырғасында жүргенде өзінің құрбылары мен құрбыларының анасы үшін киім тігетін. Оның қолы сүйікті ісінен бір босамайтын. Безендірудің үлгісін ойлап тауып, өзі жүзеге асыратын. Сурет салып, өлең шығаратын. Ғайни Ахметова облыстық және аудандық көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Бұл оның шығармашылық шеберлігі мен тәжірибесін шыңдауға мүмкіндік берді. Ғайни алдымен, Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде, кейін «Көкше» академиясында дизайнер мамандығы бойынша оқыды. Оның арманы өз ісін ашу болатын. Осы орайда, әртүрлі ақпараттық сайттарды ашып, мемлекеттік қолдау тетігі жөнінде білді. Биылғы жылдың сәуірінде Ғайни аудандық кәсіпкерлерді қолдау орталығына келді. Мұнда кеңесшілер оған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде толық ақпарат беріп, «Бас-тау Бизнес» жобасы аясындағы оқудың жағдайын түсіндірді. Мамыр айында ол оқуға өтінім беріп, тестілеуді ойдағыдай тапсырып, оқу курсының екінші кезеңіне қабылданды.
  – Оқу оңай әрі қызғылықты болды. Біз тек қана теорияны оқып қоймай, өзге де бизнес жағдайына байланысты рөлдік ойындар ойнадық,–дейді Ғайни бізбен әңгімесінде. Үй тапсырмасы барысында бизнес жаттықтырушымен бірге тұтынушылар рыногын зерттеді. Нәтижесінде  бейнелеу өндірісі тиімсіз болатынын түсініп, өзге бағыт іздеу қажет деген ойға келді. Сөйтіп, ол дизайнын жергілікті жермен байланыстырып, ұлттық оюмен өрнектелген автокөлік жапқышын тігуге бел буды.
   – Біз Ғайни Ахметоваға қалай көмектесу керектігі жөнінде көп ойландық. Оның өз ісін бастау үшін өз қаржысы және несие алу үшін кепілге қоятын мүлкі болған жоқ. Әлеуметтік желілерге тиісті ұсыныстарды орналастырып, жарнамамен көмектесуді жөн көрдік,–дейді облыстық кәсіпкерлер палатасы Бұланды филиалының директоры Олжас Диан. Бұл әрекетіміз жүзеге асты. Қазір Ғайни тасымалдаушылар, бәсекелестер мен тұтынушылар рыногымен танысуда. Болашақ автокөлік жапқыштарының үлгісін жасауға да нақты қадам жасалды. Жобаға астаналық өндірушілер қызығушылық танытты. Бастаушы кәсіпкермен бірлесе жұмыс істеуді ұсынып, қажетті матамен және тігетін қондырғымен қамтамасыз етуге дайын екендерін айтты. Бірақ, Ғайнидың анасы олардың алдын орап, қызына тігін машинкасын сатып әперді. Екінші тігін машинкасын Макинск қаласында тұратын кәсіпкер сыйға тартты.
   –Көбі әрине, жағдайдың тоғысуына байланысты болады. Дегенмен, ең бастысы барлығы өзіңе және өз арманыңа сенуге байланысты деп ойлаймын. Осыған маған «Бастау Бизнес» көмектесті,– дейді жобаның түлегі.

Әсел Мұхамед-Әмин.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар