Басты сыйлық – теледидар

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен  қазақ-түрік достығы мен мәдениетін дамыту орталығы  ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Көкшетау қаласындағы  «Рио» ойын-сауық орталығында жастар мен балалар арасында мерекелік бағдарлама ұйымдастырды.

Орталықтың үйлестірушісі Бекайдар Молдахметов  тәуелсіздіктің ақ таңын көрген жастардың болашағы жарқын болсын деген ниетпен ұйымдастырылған шараның  өз деңгейінде өткендігін айтты.
Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындаған еді. Содан  бері  мемлекетіміздің   Түркия елімен саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастығы жылдан-жылға артып келеді.   Ойын-сауық орталығында өткен шараның  қорытындысы бойынша  басты жүлде – теледидарды Көкшетау қаласындағы №2 орта мектебінің оқушысы  Әсия Қаратаева алса, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Вероника Шайдулина ұялы телефонға ие болды. Атбасар ауданынан келген екі жұп «Атажұрт» мейрамханасында түрік стиліндегі кешкі  астың тегін  сертификатына қол жеткізді.
Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар