Береке – бірліктің құт мекені

 Облыс орталығындағы «Достық» үйінде  Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Достық шаңырағы» атты облыстық фестиваль болып өтті.

  Облыстық білім басқармасы мен өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған  фестивальдің басты мақсаты – еліміздің аумағында тұрып жатқан ұлттардың, халықтың тұтастығын сақтау және рухани-мәдени бірлік пен достықты нығайту. Сондай-ақ, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени қоғамы мен қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда этносаралық келісімді қамтамасыз ету.
Шараға Астана, Көкшетау, Степногорск қалалары мен Ақкөл, Еңбекшілдер, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандарының шағын мектеп ассамблеялары қатысты. Фестивальде облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға ізгі ниетін білдірді.
Бұған дейін облыс қалалары мен аудандарында шағын мектеп ассамблеяларының байқаулары мен форумдары өткізіліп, жастар ұйымдары есеп берген болатын. Ал, облыстық фестиваль аясында олар бар өнерлерін ортаға салып, өздерінің жұмыс ауқымымен таныстырды. Тағы бір айта кетерлігі сәндік-қолданбалы өнер көрмесі де көпшіліктің назарына ұсынылды.
Фестиваль қорытындысы бойынша шараға қатысқан шағын мектеп ассамблеялары облыстық білім басқармасының грамоталары мен бағалы сыйлықтарына ие болды.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар