Биіктеші, қарағай!

Ақмола облыстық ауруханасының ұжымы «Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына – 25 түп ағаш» акциясын өткізіп, ел өміріндегі айтулы оқиғаға өздерінің қатыстылығын осы игі бастамамен паш етті. 

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» демекші, бұл ізгі шараға Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлнәр Құлышева, аурухананың бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты Серік Аяғанов өздері бас болып, ұжым мүшелері мен  еңбек ардагерлері түгел қатысты.
Жиналғандар өз сөздерінде қолға алынғалы отырған бұл іс тәуелсіздігіміздің 25 жылдығынан жақсы белгі болатынын жеткізді. Аурухананың жанындағы жаңадан салынған дәрігерлер үйінің маңайына отырғызылған 25 түп қарағай көшеттері осы араға әсем көрік беріп, келешекте тұрғындар саясында демалатын жасыл желекке айналады деген сенім мол.   
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар