Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктер қайта бөлінеді

2017 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі жарияланды. Бұл Үндеу мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында қабылданып отыр.
Оның негізгі мәні – Президент өзінің бірқатар өкілеттігін Парламент пен Үкіметке береді. Бұл басқару жүйесінің тиімділігін арттырады әрі Үкімет пен Парламенттің рөлін айтарлықтай күшейтеді. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау туралы Елбасының шешімі қабылданды. Бұл бүкілхалықтық талқылау 2017 жылғы 26 қаңтар мен 2017 жылғы 26 ақпан аралығында өткізілмекші.
Бұл тарихи Үндеу сөз жоқ, тәуелсіз еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің бірі болып табылады. Сондықтан, газетіміздің бүгінгі санында осы маңызды  оқиғаға байланысты ақмолалықтардың ой-пікірлерін жариялап отырмыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар