Білім қоңырауы сыңғырлайды

Жүректерді тербетіп, көңілдерге нұр сеуіп, сыңғырлы күміс үнімен жас ұрпақты білім шыңына шақырған  алғашқы қоңырау салтанатының бала өмірінде алар орны ерекше. Ертең 1 қыркүйек – Білім күні өз ғұмырының   жаңа бір белесіне қадам басқалы тұрған балдырғандарды осы күнге ерекше дайындалған  мектептері  қуана қарсы алып жатады. 

Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы мен «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында білім беру жүйесін дамытудың басты бағыттарының бірі оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және адами капиталын дамыту деп атап кетті. Сонымен қатар, бүгінгі жағдайда білімді жаһандандыру ұлттың қуаты мен әл-ауқаттылығын анықтайтын фактор болып отыр. Бұл басымдылыққа біздің мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым ерекше көңіл аударады.
Қай кезеңде болмасын білім сапасын жақсарту, тәрбиені тәлімді жүргізу педагогтардың басты мақсаты болып қала бермек. Сондықтан да, жаңа оқу жылы – мұғалімдер үшін жаңа талаптар мен міндеттер кезеңі. Аудандағы білім ошақтары жаңа оқу жылына толықтай дайын. Білім ошақтарын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі де оңтайлы шешілген. Қазіргі таңда ауданда 25 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істесе, оның 15-і шағын орталық, сонымен қатар, қосымша білім беретін 3 мекеме бар.   
Жалпы, орта білім беру жүйесінде педагогикалық қызмет мектептегі білімнің қазіргі заманға сай сапасына және ол жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті перспективалық талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге бағытталды.  Қазақстан мектептерін білім берудің 12 жылдық моделіне көшіру шеңберінде оқу процесіне оқытудың инновациялық, ақпараттық және коммуналдық технологиялары мен оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді. Оқу процесі автоматтандырылды, электронды жоспарлау, электронды журналдар, электронды кітапханалар қолданысқа енді.  
Өткен оқу жылының басынан педагогикалық озық тәжірибелерді тарату және насихаттау мақсатында деректер базасы құрылды. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Ақкөл ауданы бойынша 14 педагогтың облыстық деңгейде педагогикалық іс-тәжірибелері насихатталып, таратылды. Педагогикалық инновациялар Халықаралық жәрмеңкесіне ауданымыздың 103 педагогы қатысып, «Табыс» кубогын жеңіп алды және 2 мұғалім алтын мен күміс сертификаттарына ие болды. 2016-2017 оқу жылында 14 аудандық, 5 облыстық семинар өткізілді. Оқу ісі меңгерушілеріне арналған әдістемелік кеңес тоқсанына бір рет өткізіліп отырылады. Басшы ретінде ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жолға қою үшін жеке ұжым мүшелерінің қызметін, олардың дербес еңбектерін ұйымдастыру, нәтижелерін бағалау, жоспарлау, талдау және басқару болып табылады. Қазіргі таңда ауданымыздағы барлық мектептерде қамқоршылық кеңестері құрылды.  
Аудан бойынша өткен оқу жылында 84 оқушы облыстық, республикалық пәнаралық олимпиадалары мен білім сайыстарында оза шауып, үздік білім нәтижелерімен жүлделі орындардан көрінді. Сонымен қатар,  облыстық «Тіл – біздің болашағымыз» тақырыбында өзге ұлт өкілдері арасында  өткен байқауда біздің ауданымыз жүлделі 1 орынды иеленді.
Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде  облыс мектептері арасында   үздіктер қатарындамыз. «Алтын белгі» үміткерлерінің барлығы өз білімдерін дәлелдеп шықты. Аудан мектептерінің түлектерінің арасында 37-сі білім грантын жеңіп алды.  Әрине, білімнің сапалы, тәрбиенің саналы болуы мектептегі басты тұлға – мұғалімдерге тікелей байланысты екендігі ақиқат. Бұл ретте, олардың ұзақ жылдар бойы жинаған бай тәжірибелері, педагогикалық шеберліктері сынға түседі. Аудандағы білім беру ұйымдарында 566 педагогикалық қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде жоғары біліктілік санаты бар – 88, бірінші санаттағы – 198, екінші санатты –101 ұстаз еңбек етеді. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша қайта даярлаудан 100 педагог өтті.     
Біздің ендігі мақсатымыз бойымыздағы барлық күш-жігерімізді сарқа жұмсап, заман талабына сай білім, тәрбие ісін жаңа сипатта дамытып, жарқын белеске көтеру болып табылады.  
Келешек ӘШІМОВ,
Ақкөл аудандық білім бөлімінің
басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар