Бір ниет пен бір тілектің көрінісі

Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінде ұйымдастырылған «Еліміздің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» байқауының өнегелі тұстары көп болды.

 

Шараға облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің «Шаңырақ», Көкшетау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының «Ұлы дала елі» мен ұлттық сараптама орталығының «Болашақ» командалары қатысып, ел тарихы, салт-дәстүрі, ой-өрісі, тіл байлығы мен өзге де біліктіліктерін ортаға салды. Байқаудың ажарын Әсемгүл Байғожина орындаған «Атамекен» әні ашты. Қатысушыларды құттықтаған облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов биылғы жыл мемлекетіміз үшін ерекше жыл екенін атап өтті.
– Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында Сарыарқада жаңа астанамыз бой көтеріп, Қазақстан дамып келе жатқан мемлекет ретінде әлем аренасына шықты. Ірі кәсіпорындар, әлеуметтік нысандар, әуе қатынасы, автокөлік пен теміржолдар тәрізді көптеген жаңа жобалар жүзеге асты, – деді департамент басшысының орынбасары. Бұдан соң Көкшетау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Мейрамбек Нұрхан мен ұлттық сараптама орталығы директорының орынбасары Азамат Қайырқұлұлы сөз сөйлеп, жүрекжарды тілектерін айтты. Байқауға қатысқан командалар алдымен өздерін таныстырып, он сұраққа жауап берді. Қазылар алқасына төрағалық еткен облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Алпыс Бекенов сөз сөйлеп, бұл байқауда достық жеңгенін айтты. Қатысушы командаларға Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тапсырды.

Рамазан Тілеуов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар