Бір үзім нанымен бөліскен

Татарлар Көкшетау өңіріне сонау 1824 жылдан бастап қоныс аударып, 1841 жылы Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданындағы Имантау, 1908 жылы Зеренді ауданына қарасты Желтау селоларының іргетасын қалаған екен.

Олар дүкен мен дүңгіршіктер ашып, күнделікті халық тұтынатын тауарлар сатқан. Сондай-ақ, татарлардың тері илейтін, көкөніс тұздап, тосап қайнататын, қой жүнін өңдейтін және өзге де кәсіпорындары болыпты. 1907 жылы Имантау селосында 22 жел және 4 су диірмені жұмыс істеген. Бүгінгі таңда облыс аумағында 17 мың, Көкшетау қаласында үш мыңға жуық татарлар тұрады.
Қазір қасиетті қазақ жерін мекендейтін жергілікті ұлт  пен татар, башқұрт ұлыстарының ауыз бірлігі жарасып, бейбіт өмір сүруде. Олар қиын-қыстау заманда қонақжай қазақ халқы қанатының астына алып, бір үзім нанымен бөліскені үшін алғыстарын білдіреді.
Фарух БАГАПОВ,
Көкшетау қаласындағы  татар мәдени орталығының ақсақалдар кеңесінің мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар