Бірлескен іс берекелі

«Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту бағытында өзара әріптестік пен өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға облыстық әділет департаменті, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті, облыстық ішкі істер департаментінің және облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылары қол қойды.

Облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен шарада облыстық әділет департаментінің басшысы Анатолий Дермановский сөз сөйлеп, Қазақстанда зияткерлік меншікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау міндеттерінің бірі – контрабандалық өніммен күресу және зияткерлік меншік нысандарын қорғауды ескертуге бағытталған шаралар ұйымдастыру болып табылатынын атап өтті. Өткен жылы жарияланған жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісіне сәйкес, Қазақстан «Зияткерлік меншік құқын қорғау» индикаторы бойынша 69-шы орыннан көрінді. Бұл көрсеткіштің жауапкершілігі Әділет министрлігімен бірге Қазақстан Республикасы Ішкі істер және Қаржы министрліктеріне бөлінді. Осыған байланысты облыстық әділет департаменті аталмыш органдармен Дүниежүзілік экономикалық форумда жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісі ұстанымын жақсарту бойынша бірлесе жұмыс істеу үшін меморандумға қол қойды. Өткен жылы департамент жоспардан тыс жеті тексеру жүргізді. Жеті құқық бұзушылық анықталып, тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін 7 әкімшілік іс қозғады. Сот жеті тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 593 880 теңгенің әкімшілік айыппұлын салды. Меморандум аясында бірлескен кеңес, өзекті мәселелерді шешу бойынша кеңестік кездесу, Дүниежүзілік экономикалық форумда жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісі ұстанымын жақсарту бағытында ақпарат алмасу жоспарланды.

Рамазан Тілеуов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар