Биыл да үміттіміз

Қазіргі ылғал қоры қуантады. Біздің шаруашылық ағымдағы жылы  12 мың гектар  алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар себуді межелеп отыр.

Өткен жылы  гектар берекесі  16 центнерден айналды. Биыл өнімді мүмкіндігінше мол алсақ па дейміз.
Мемлекеттік бағдарламалардың берер көмегі орасан. Көктемгі егіс науқанына қажетті жанар-жағармаймен қамтамасыз ету үшін  мемлекеттен ішінара жеңілдетілген бағамен дизель отынын алдық. Сондай-ақ, аталмыш бағдарлама аясында 100 тонна минералдық тыңайтқыштар сатылып алынды. Мемлекет бізді жан-жақты қолдап, лизинг есебінен Канададан 2 егіс кешеніне тапсырыс беруге  мүмкіндік тудырды. Одан басқа барлық қажетті техника  дайын тұр.
Облыстық агрокеңесте ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер алда тұрған келелі міндеттерді кеңінен талқылап, өзара кеңесуі бірқатар олқылықтарды болдырмауға септігін тигізеді. Мұнда белгілі ғалымдар мен көп жылдар бойы ауыл шаруашылығында сүбелі еңбек еткен  тәжірибелі басшылар өздерінің  ойлары мен ұсыныстарын ортаға салады. Сондай-ақ, қатысушылар қазіргі заманғы технологиялардан хабардар болып, толғандырған
сауалдарына толымды жауап ала алады. Осындай ортақ істі оңтайландыру үшін жұмылған сәт егін түсімі көрсеткішінің жақсаруына септігін тигізбек.
Николай БЕЛОБРОВ,
«Полтавка 2»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің басшысы.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар