Биыл зейнетақымен қамсыздандыруға бюджеттен 1,9 триллион теңге бөлінді

Өткен 2017 жылы зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 1,6 триллион теңге бағытталды. Ал, биыл қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін бюджеттен 1,9 триллион қарастырылды, – деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2017 жылы 2 миллионнан астам зейнеткерлердің зейнетақы көлемі 20 пайызға дейін артты. Ал, жалпы зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражаттың көлемі 1,6 триллион теңге болды.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 пайызға, базалық зейнетақы 6 пайызға өсті. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілін және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін ескере отырып, базалық зейнетақыны тағайындау әдісін өзгерту жоспарлануда.
Мұндай өзгеріс базалық зейнетақының өсімін орта есеппен 1,8 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Осыған орай, 2018 жылы 1 шілдеден бастап зейнетақының орташа мөлшері базалық зейнетақыны ескергенде шамамен 82 мың теңгені құрайтын болады. Биыл азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыр үшін 1,9 триллионнан астам теңге қарастырылып отыр.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *