Біз үшін бейбіт күн қымбат

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Бүгін біз еліміздің ең басты мерекелерінің бірі – Отан қорғаушы күнін тойлаудамыз.  
Бұл күні еліміз мемлекет пен қоғамның және республиканың әр азаматының  қауіпсіздігінің сақшылары, Қарулы Күштер қатарында борышын өтеген және өтеп жүргендерді құттықтайды.
Осыдан 23 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еліміздің Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бүгінде біздің әскеріміз әскери дайындықтың жоғары белсендігімен ерекшеленіп, сапалы қормен, ұлттық әскери оқу орындарының желісімен және қажетті материалдық-техникалық керек-жарақпен қамтамасыз етілген. Әскери іс бүгінде мәртебелі, ал жаңа жағдайдағы Қарулы Күштер өзінің қажеттілігі мен тиімділігін көрсетуде. Бүгінде түрлі әскери жасақтарда екі мыңнан астам ақмолалықтар өз борыштарын өтеп, ержүректілік пен патриоттықтың нағыз мектебінен өтуде. Жоғары әскери оқу орындарында 50-ден астам адам білім алуда. Еліміздің түпкір-түпкірінде олар өз ата-бабаларының дәстүрлерін ұстанып, тәуелсіз Қазақстанның намысын қорғауда.  
Біздің қатарымызда  – 213 Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 300 Қарулы Күштер ардагерлері, 900-ден астам ауған ардагерлері бар.
Қазақстанның тарихи жазбаларында жарқын да батырлықтың үлгісін көрсеткен беттері аз емес. Биылғы атаулы жылы біз Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығын атап өтеміз. Тарих қойнауына талай ғасыр келмеске кетсе де, біз ҰОС жерлестеріміздің Отан үшін жасаған ерліктерін ұмытпаймыз. Ақмола жері күні бүгінге дейін намыстың, ерліктің, патриоттықтың бейнесі болып табылатын жауынгерлері мен офицерлерге бай. Олар тек Қазақстанның ғана емес, барлық кеңестік кеңістіктегі тарихи жазбаларға өздерінің есімдерін алтын әріптермен жазып қалдырған – Мәлік Ғабдуллин, Сағадат Нұрмағамбетов және Талғат Бигелдинов сияқты аңыз тұлғалар.
Құрметті әскерилер!
Бүгінде Сіздерге Қазақстан егемендігін сақтау мен біздің киелі жеріміздің тыныштығын қорғау секілді биік міндеттер жүктелген. Бүгінгі күннің жауынгерлері бейбіт заманда да әскери тапсырмаларды орындап, құқық тәртібін сақтау арқылы да батырлық танытады. Олар тәуелсіз Қазақстанның қорғанысқа қабілеттігін нығайтуда үлкен үлес қосуда.
Жер бетінде бейбітшілік пен келісім болсын! Біздің тәуелсіз Қазақстанымыз – Мәңгілік еліміз жасай берсін! Мерекелеріңізбен құрметті жерлестер!

 

 

Құрметті әскери қызметкерлер мен Қарулы Күштердің ардагерлері!  Құрметті ақмолалықтар!

 

Сіздерді шын жүректен ержүректілік пен табандылық мерекесі – Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!  Осы күні біз өз өмірін Қарулы Күштерге қызмет етуге арнаған, халықтың тыныштығы мен бейбітшілігін қорғаған және қорғап жүрген жандарды құрметтейміз.  
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мүддені берік қорғау және Қазақстанның қорғаныс әлеуетін нығайту – елімізді тұрақты дамытудың және азаматтарымыздың әл-ауқатты өмірінің негізі болғандықтан, заманға сай әрі кәсіби әскерді құру, қорғануға қабілеттілікті арттыруға баса назар аударады.  
Сіздер, шұғыл қызметтегі офицерлер мен сарбаздар, осы іске зор үлес қосып келесіздер.  Қажымас қайрат, отансүйгіштік және әскери іске деген адалдықтарыңыз үшін Сіздерге шын алғысымызды білдіреміз.  Әрқайсыңыз өз істеріңізбен ата-бабаның және біздің Қарулы Күштеріміздің даңқты әскери дәстүрін жалғастыра беретіндеріңізге сенімдіміз.   
Бастарыңызға амандық, табыс пен күш-қуат, Қазақстан Республикасының гүлдену жолында игі және маңызды істер жасауға тілек білдіреміз!    
Нина Дьячек,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

 

 

Құрметті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері мен жауынгерлері!

 

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының
Саяси кеңесі баршаңызды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтайды!
7 мамыр – мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербестікті қорғайтын қаһармандық ерлік пен өлшеусіз ержүрек батыл жауынгерлер үшін ерекше күн. Мемлекетіміздің қорғанысын күшейтіп, еліміздің тыныштығын сақтауда Қазақстанның Қарулы Күштері аға ұрпақтың ерлігін жалғастырып келеді.
Қымбатты жерлестер! Сіздерге денсаулық, қажымас қайрат, әрбір шаңыраққа зор бақыт, мол қуаныш, амандық тілейміз! Еліміздің айбынын асқақтатып, мәртебесін биікке көтеретін мереке құтты болсын!
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық
филиалының Саяси Кеңесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар