Болат жолда өткен өнегелі өмір

Көкшетауда Көлік қызметкерлері күніне орай «Қазақстан темір жолы»  акционерлік қоғамының облыстық филиалы ғимаратының қабырғасына темір жол саласының ардагері Ораз Сәрсекеевтің құрметіне мемориалдық тақта қойылды.

 

Салтанатты шараға Ораз Асқарұлының туған-туыстары, үзеңгілес әріптестері және осындағы еңбек династиясын жалғастырушылар болып табылатын депоның жұмысшылары қатысты. Шараны «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының «Ақмола бөлімшесі ЖТ» филиалының директоры Нұрым Жаниязов құттықтау сөзбен ашты.
– Машинист мамандығы темір жолда әрқашан құрметті де  жауапты болған және бола да береді, – деді ол өз сөзінде.
Күрделі ауа райы жағдайында, қашанда қиын жағдайларға дайын болу қажет кезде дұрыс шешім шығара білу, үнемі жауап-кершілікті сезініп, нормаланбаған графикпен жұмыс істеу әркімнің қолынан келе бермейді. Осындай қиындықтарға қарамастан Ораз Асқарұлы өз мамандығының биік шыңына шығып, темір жол саласының өркендеп- дамуына елеулі үлесін қоса білді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының өкілі Ерлан Қизатов, «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Ғосман Төлеғұл айтып берді.
Ораз Асқарұлы еңбек жолын 1973 жылы Көкшетау сигнал беру және байланыс дистанциясының электромеханик қызметінен бастады. 1980-1983 жылдары аралығында жаңадан құрылған тың темір жолы Бурабай курорты сигнал беру және байланыс дистанциясының басшысы қызметінде болды. Байланысшылар ұжымы Целиноград – Көкшетау – Жаңа Есіл жүк мөлшері көп бағыттарындағы екінші жолдарды дайындап, пайдалануға енгізуге, Целиноград – Көкшетау телімін электрлендіруге, Көкшетау, Жаңа Есіл ірі темір жол тораптарын дамытуға белсенді қатысты. Осы кезде Ораз Асқарұлының басшы ретінде өзіндік қолтаңбасы, адамдармен жұмыс істеу дағдысы қалыптасты. 1997 жылы Ораз Асқарұлы Ақмола темір жолы Көкшетау филиалының басшысы, 1998 жылы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша ревизордың орынбасары, 2002 жылдың ақпанында бас ревизоры, ал, 2002 жылдың шілдесінде Ақмола магистральдық желі бөлімшесінің директоры болып қызмет істеді. Ораз Асқарұлы қандай қызмет атқарса да өзінің байсалды көзқарасымен, қатаң тәртібімен, еңбексүйгіштігімен және жауапкершілігімен ерекшеленді.

Аслан НЫҒМЕТЖАНҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар