Бояу тілі сан тілекті жеткізеді

Облыс орталығындағы Достық үйінде «Бірлік түбі – береке» атты жас дарындардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған игі шараның өтуіне облыстық дін істері басқармасы жанындағы конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы мұрындық болды. Көрмеге Көкшетау қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі тәрбиеленушілерінің достық тақырыбындағы  жұмыстары қойылды.
Жас дарындардың салған суреттері келушілердің назарына ұсынылып қана қоймай, әділқазылар алқасының жоғары бағасына да ие болды. Шара соңында барлық қатысушыларға мақтау қағаздары  мен естелік сыйлықтар табыс етілді.    
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар