Бюджет қаржысы талан-таражға түспесін

Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы қызметкерлері 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс аумағында 167 мемлекеттік мекемеге бақылау шарасын жүргізді. Оның 14-і республикалық бюджеттен, 120-сы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және 15-і өзге де шаруашылық субъектілері болып отыр.

Сонымен қатар, 90 нысан жоспарлы тақырыптық бақылауға алынған, оның 10-ы өткен жылдан қалғандар. Оған қоса, бекітілген бюджеттік заңнама
нормаларына сай 77 жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп,  құқық қорғау органдарының қаулысы бойынша 78 шешім әзірленді.
Осы аралықта облыс аумағында жүргізілген тексеріс барысында қаржылық бақылау инспекциясының қызметкерлері 7,8 миллиард теңгеден астам қаржы заңдарының бұзылушылығын анықтады. Оған қоса, бухгалтерлік есеп талаптары және қаржылық есеп беруді құрастыруда 8,5 миллиард теңгеден астам, жергілікті бюджетті, әзірлеу, бекіту, нақтылау және түзету кезінде 957 миллион теңгенің заң бұзушылығы орын алған.
Заң бұзушылықтың басым бөлігі негізінен мемлекеттік сатып алу конкурстарының еншісіне тиіп отыр. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бақылау қорытындысына сай жалпы құны 1,2 миллиард теңгеден астам 54 мемлекеттік сатып алу шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасының бұзылғаны анықталды.
Біздің тарапымыздан қолданылған шаралардың нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 3,2 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарылды. Бұл жол берілген заңсыздықтарға сай қайтарылуға жататын бюджет қаржысының 99 пайызы.
2015 жылдың бірінші жартыжылдығында инспекция жұмысының ашық
болуын қамтамасыз ету мақсатында 18 іс-шара қолға алынды. Сонымен қатар,  Қазақстан Республикасының бюджеттік және мемлекеттік сатып алу заңнамасын сақтау бойынша жергілікті атқарушы органдардың, Жақсы, Есіл ауданы әкімдіктерінің басшылары және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қатысуымен түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, биылғы жылдың алты айында біздің инспекция құқық қорғау органдарына 33 материал жолдады. Оның 15-і инспекцияның бастамасымен жіберілген. Қазіргі кезде, жолданған материалдардың барлығы қаралып жатыр. Оның ішінде 10 бақылау материалы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бюджет заңдарын бұзушылыққа жол берген 166 лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 2 адам қызметінен босатылды.
Қаржылық бақылау инспекциясының басты міндеті бюджет қаржысының заңға сай дұрыс жұмсалуын қамтамасыз ету, заң бұзушылықтардың жолын кесу десек, біз бұл міндетті ойдағыдай атқарып келеміз деп айтуға толық негіз бар. Оған жоғарыда айтылып өткен жұмыстарымыз анық дәлел. Алдағы уақытта да біздің мамандарымыз бюджет заңдарын бұзушылықтың алдын алып, заңсыздықтарға жол бермеу шараларын осы бағытта онан әрі жүргізе беретін болады.

 Нұрлан БЕКЕНОВ,
Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау
 инспекциясының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар