Бюджет қаржысы тиімді жұмсалуы тиіс

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында облыстық тексеру комиссиясы үш аудиторлық шараның қорытындысын шығарды. Тексеру барысында 47 мемлекеттік аудит нысанының 17 089 386,2 мың теңгесі қамтылды.

 

Оның ішінде жергілікті бюджеттердің 15 323 642,7 мың теңгесі және республикалық бюджет трансферттерінің 1 765 743,5 мың теңге қаржысы бар. Өткізілген шаралардың қорытындысы бойынша тексеру комиссиясы 13 529 536,9 мың теңгенің заң бұзушылығын анықтады. Бұл көрсеткіштің өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 8,5 есе өскенін байқауға болады. Бюджеттік қаржыны игеру кезінде 267 286,0 мың теңге, мемлекет активін пайдалануда 31 471,0 мың теңге, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есепті құру кезінде 5 249 801,7 мың теңгенің заң бұзушылығы анықталған. 206 510,9 мың теңге бюджет қаржысы тиімсіз пайдаланылса, 846 471,6 мың теңге тиімсіз жоспарланған. Сондай-ақ, 6 877 995,7 мың теңгені игеру кезінде  процедуралық тұрғыдағы заң талабы бұзылған. Талдау, бухгалтерлік есеп жүргізу, қаржылық есеп ұсыну, мемлекеттік сатып алу кезіндегі заң бұзушылықтың негізгі себебі мамандардың тұрақтамауынан, қаржылық тәртіптің деңгейі төмен болуынан.
Мемлекеттік аудит нысандары дайындық кезінде жеткіліксіз талдау жүргізіп, шығындарды дұрыс жоспарламайды. Бұл одан әрі бюджеттік қаржының тиімсіз жұмсалуына жол береді. Атқарылмаған жұмысқа еңбекақы түріндегі негізделмеген шығындар фактісі кездеседі. Мәселен, «Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы су құбырлары жүйесін қалпына келтірудің және батыс пен  шығыс бөлігіндегі тарату жүйесі құрылысының» бюджеттік инвестициялық жобасын жүзеге асыру аясында тапсырыс берген аудандық құрылыс бөлімі атқарылған жұмыс актісі бойынша 12 243,8 мың теңгені заңсыз төлегені анықталды. Ал, тексеру барысында тұрғын үйлердің маңындағы құдықшаларда актімен қабылданған су есептейтін аспаптар және тартылған су құбырлар жүйесі мүлдем болмаған. Анықталған заң бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Заңнамалық актілер талаптарын сақтамаудың, бюджеттік қаржыны пайдалануда мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары тарапынан тиісті бақылау жоқтығының және қаржылық тәртіптің төмен деңгейінің салдарынан жіберілген. Барлық аудиторлық шаралардың қорытындысына мүдделі тұлғалар шақырылып, тексеру комиссиясының отырысында қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулы шығарылып, мемлекеттік аудит нысандарына Қазақстан Республикасы Заңнамасының бұзылуымен пайдаланылған бюджет қаржысын қайтаруды қамтамасыз ету және қалпына келтіру, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде нақты ұсыныстар мен тапсырмалар жіберілді. Есептік кезеңде жергілікті атқарушы және өкілетті органдарға, мемлекеттік басқару органдары мен аудит нысандарына анықталған заң бұзушылық пен жұмыстағы кемшілікті жою жөнінде 222 тапсырыс және 18 ұсыныс жіберілді. Тексеру комиссиясы ұсынысын орындау аясында мемлекеттік аудит нысандары 3 758 412,5 мың теңгенің әртүрлі деңгейдегі бюджеттер кірісінің орнын толтырды. Заң бұзған 61 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі» Қазақстан Республикасы Заңында қарастырылған функциялар мен міндеттер аясында лауазымды тұлғалардың ҚР нормативтік-құқықтық актілерін сақтамаудың анықталған фактілері бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері лауазымды тұлғаларға қатысты төрт әкімшілік іс қозғады.
Процедуралық шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына мемлекеттік аудиттің 13 материалы, өзге өкілетті органдарға 11 материал жіберілді. Сондай-ақ, тексеру комиссиясы тұрақты негізде ҚР Заңнамалық актілерін дұрыс қолданудың ең өзекті мәселелері бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктерімен, қала мен аудандардың кәсіпорындарымен семинар-кеңес түрінде қаржылық заң бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді. Бұл жұмыс одан әрі жалғасып, тексеру комиссиясының нәтижелі міндеттерінің бірі болып қала бермек. Сараптау және талдау қызметін жүзеге асыру, тексеру комиссиясының өкілетті органдармен бірлесе жұмыс істеуі аясында қалалық және аудандық мәслихаттар қарауына жергілікті бюджеттің орындалуы жөнінде есептер ұсынылды. Бұл өз мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органдардың сәйкес есебінің қорытындысы болып табылады. Есептерде бюджет көрсеткіштерінің толық әрі уақытында орындалуына, бюджеттердің орындалуы жөніндегі жылдық есептерге, бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің бюджеттік есебіне, есеп пен есеп берудің дұрыстығына, мемлекет активтері мен бюджеттік қаржыны тиімді пайдалануға баға берілді.
Сондай-ақ, бюджетті жоспарлау сапасын арттыруға және оны орындаудың тиімділігіне, сондай-ақ, бюджеттік тәртіпті сақтауға бағытталған бірқатар ұсыныс жасалды. Жалпы біз жүргізген талдау бұл бағыттағы тексеру комиссиясы жұмысының нәтижелілігін көрсетті. Өткен жылдағы бюджеттің орындалу қорытындысы бойынша бюджеттің орындалуын айғақтайтын негізгі көрсеткіштердің жақсаруы  «Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау жөніндегі» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, биылғы жылдың бірінші қаңтарынан бастап тексеру комиссиясының отыз қызметкері мемлекеттік аудиторлар болып табылады. Олардың тұлғаларды сертификаттау бойынша Ұлттық комиссия берген сертификаттары бар. Жариялық қағидасына сәйкес, биылғы жылдың бірінші тоқсанында бұқаралық ақпарат құралдары мен облыстық тексеру комиссиясының сайтында 33 мақала жарық көрді.

Мереке МҰСТАФИН,
облыстық тексеру комиссиясының
төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар