Бюджеттің болуы біз үшін тиімді

Мемлекет басшысының барлық Жолдауларының стратегиялық маңызы зор әрі нақты міндеттерді регламенттік мерзімде шешуге бағытталған.

Бұл міндеттер «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында да белгіленген. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 мың адамнан астам тұрғыны бар аудандық маңызға ие қалаларда, селолар мен селолық округтерде өз бюджетін енгізу және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі қарастырылған. 2020 жылы бұл нормалар барлық елді мекендерде жұмыс істейді. Мен барлық әкімдер сияқты өз аумағымдағы әр нысанның уақытылы тіркелуіне және қайтадан тіркелуіне мүдделімін. Салық қызметі органында тіркелмеген кәсіпкерлердің іс-қимылына тосқауыл қою жұмысы жүргізілуде. Өз бюджетіміздің арқасында өз қаламыз бен округтегі салық төлеушілердің тұрмыс жағдайын жақсарту үшін нақты қаржы алатын боламыз.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың енгізілген моделі қалалықтардың тұрмысын жақсартудан өзге селода құқықты түсінуді, жергілікті жерде ақша жинау мен жұмсау мәдениетін, тиімділік, жеделдік, әділдік, құрылымдық негізінде әр күн сайынғы мәселелерді шешуде жергілікті қауымдастықтың жоғары белсенділігін арттыруға бағытталған. Жергілікті жерде басқару органдарының міндеті мен жауапкершілігін нығайту – бұл құжатта белгіленген саяси маңызды шешімнің бірі. Жолдау – саяси құжат. Оны мемлекеттік мекемелер орындауға міндетті. Жүктелген міндеттерді орындау бойынша біз қажетті шараларды қабылдап, тиісті жұмыстар жүргізудеміз. Алдыңғы Жолдауларды қызу қолдаған біздің қала тұрғындары бұл саяси құжатта алға қойылған міндеттері де бірлесіп іске асырады деп сенемін.

Төлетай МҰХАМЕДЖАНОВ,
Ерейментау қаласының әкімі.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *