Category Archives: Мерей

Көкше жұрты ақынын ардақтады

«Достар» мәдениет сарайында Көкшетау қаласының құрметті азаматы, көрнекті ақын, жазушы-драматург, журналист Төлеген Қажыбаевтың 75 жасқа толуына орай, әдеби-сазды кеш өткізілді.

«Өзгерер, бәрі оңалар, Отаным – елім аманда!..»

Көкшетау қаласының құрметті азаматы, көрнекті ақын Төлеген Қажыбай – 75 жаста

Дүние жалған

«Қазықұрттың басында кеме қалған,
Ол әулие болмаса неге қалған?..»
Неге қалған дейсің де жауап таппай,
Ойға сүңгіп кетесің, дүние жалған.

Ел тарихын екшеген қаламгер

Біз бірге оқыдық. Ол кезде Көкшетау қаласындағы №3 Мәлік Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектебінде облысымыздың шартараптан жиналған көгенкөздер көп болатын. Сыныптастарымыздың арасынан әдебиетші ғалымдар, дәрігерлер, өзге де мамандық иелері молынан шықты. Қаламы қарымды жазушы да бар.

Сөзі жеткен жүрекке

Белгілі журналист-жазушы, драматург, Қазақстан Журналистер одағының А.Байтұрсынов атындағы сыйлығының лауреаты, Көкшетау қаласының құрметті азаматы, қауырсын қаламды жанына серік еткен Төлеген Қажыбайдың 75 жасқа толуына орай, облыстық кітапханада әдеби кеші болып өтті.

Дарын

«Әр суреткер өз жадынан сөйлейді» дейтұғын сұңғыла сыншы Әшірбек Сығай. Менің дүниетанымымда Мұратбек Үкібайұлы үлкен ұйымдастырушы, сұлу да сезімтал суреткер, бипаз өнерпаз. Тұлғасының өзі тауға ұқсас. Дауысы күннің күркіріндей. Қазақтың қағидалы тұлға деген ұғымы осы кісіге толайым жарасып тұрғандай. Сол Мұратбек Үкібайұлы биыл асқаралы алпыс жасқа толды.

Біздегі қуаныш

«Арқа ажары» газетінің ішкі саясат және әлеуметтік мәселелер бөлімінің меңгерушісі Қалкөз Келдіғұлұлы Жүсіп қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлде төзбеушілік қағидасын қамтамасыз етудегі белсенділігі үшін Мемлекеттік

Астана қаласындағы көрме тарихтағы ең табысты көрме болды

Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жолдап, Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесін табысты өткізгені үшін алғыс білдірді және қатысушы елдер ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырылуын жоғары бағалағанын атап өтті.

30 жыл прокуратура саласында

Бүкіл саналы өмірін прокуратура саласындағы қызметке арнаған Талғат Әлмағамбетов таяуда еңбек демалысына шықпақшы. Зейнеткерлікке жеткен де, жетпеген де бар. 1987 жылы Свердловскінің Р.Руденко атындағы заң институтын бітірген жас маман сол кезде өмірлік таңдауын жасаған еді.

Спортшы.Ұстаз. Ардагер

1927 жылы 18 сәуірде Володаровка өңірінде тұратын Иван Александрович Малахов пен Хиония Трифоновна Жирнованың отбасында маңдайы торсықтай ұл дүниеге келді. Ата-анасы ырымдап баланың есімін Геннадий деп қойған. Көне грек тілінде «қасиетті әулеттің бас-
талуы» деген ұғымды білдіретін бұл есімді ата-анасы ұлдарының үлкен әулеттің басы болатынына сенгендіктен қойған сияқты.

Біздегі қуаныш!

«Арқа ажары» газетінің қызметкері Ырысалды Төлегенқызы Шамшиева 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында ұлтаралық келісім, достық пен татулық мәселелерін кеңінен жазып, көрсеткені үшін облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Мәлік Мырзалиннің Алғыс

Елбасымен қалай мақтансақ та орынды!

Тарих үшін қас-қағым жиырма бес жылдан астам уақыт ішінде Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана басшылығы және көрегендігінің арқасында суырылып шығып топ жарған тұлпардай дүние жүзінің ілгері дамыған алдыңғы қатарындағы мемлекеттермен шендесіп,

Қаламгерге – құрмет

Облыстық әдебиет және өнер музейінде Көкшетау қаласының құрметті азаматы, жазушы-драматург, ақын Төлеген Қажыбайдың шығармашылығына арналған оқырмандар конференциясы болып өтті.

Әр санын асыға күтемін

«Тіршілік» газетінен бастау алатын облыстық «Арқа ажары» газетімен тығыз байланыста келе жатқаныма жарты ғасырдан артық уақыт өтті.

Асылдардың аманатын жеткізген

«Арқа ажары» газетінің жүз жылдық мерейтойына

«Тіршіліктің» ғасыры

16 қараша 2017 жыл. Ақмола облыстық әкімдігінің қолдауымен алғашқы санының шыға бастағанына 100 жыл толған облыстық «Арқа ажары газетінің мерейтойы салтанатты жағдайда аталып өтті.

«Арқа ажарының» бір ғасырлық тарихына арналған салтанатты шара Көкшетаудағы Абылай ханның ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.