Category Archives: Облыстық әкімдікте

Мемлекеттік тіл үшін әркім жауапты

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген аппарат кеңесінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, туристік саланы дамытудың жол картасын таныстыру және спорттық федерациялар құру мәселелері қаралды.

Фин кәсіпкерлері бірлесіп жұмыс істеуге ынталы

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин облысымызға жұмыс сапарымен келген финляндиялық «UROS» компаниясының негізін қалаушы Юрки

Еңбекақыдан қарыз жиналып қалмауы керек

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат мәжілісінде өңірдегі кәсіпорындар мен ұйымдарда қордаланып қалған

Агломерациялық аймақтың серпінді қадамы

Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдіктері 2017 жылдың қараша айында Астананың агломерациялық аймағын дамытуға қатысты бірлескен қызмет жөніндегі меморандумды бекіткен болатын.

Қол жеткен оң нәтижелер баянды болуы керек

• Өткен жылы өнеркәсіп саласында өнім өндіру қарқыны арта түсті.

Облысқа газ тарту мәселесі қаралды

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин өңірімізге жұмыс сапарымен келген «GLOBAL GAS REGAZIFIKATION» компаниялар тобының өкілдерімен кездесіп,

Тұрғын үй құрылысы үш есе ұлғаяды

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен кеңесте аймақта «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Іскерлік байланыс

Сейсенбі күні облыс әкімі Мәлік Мырзалин аймақтың инвестициялық әлеуетімен танысу мақсатында Ақмола облысына арнайы жұмыс сапарымен келген Қытай Халық Республикасының делегациясын қабылдап, меймандар қызығушылық білдірген бірқатар инвестициялық жобаларды таныстырды.

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен аппарат кеңесі өткізілді.

Онда кадрлық мәселе қаралып, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің 17 қаңтардағы өкімімен Қанат Мұратұлы Ыдырысов облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Ринат Фаатович Галлямов Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

Жер қойнауының қазынасы тиімді пайдаланылсын

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен кеңесте инерттік материалдарды заңсыз өндіру фактілеріне жол бермеу мәселелері қаралды.

Жылу беру маусымын ойдағыдай өткізіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру қажет

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен облыста жылу беру маусымының өтуі және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шаралары туралы мәселелер қаралды.

Әр мәселеге жете көңіл бөлінді

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Санаулы уақыттан кейін біз Жаңа 2018 жылды қарсы алғалы отырмыз. Өтіп бара жатқан жыл біз үшін ерекше оқиғаларға толы табысты жыл болды. Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі құқығына ие болды, әлем назарын аударған Дүниежүзілік қысқы Универсиада мен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізді.

Құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту қажет

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген құқық бұзушылықтарды алдын алу жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында тұрмыстағы зорлық-зомбылық, бас бостандығынан айырылып, кейін бостандыққа шыққан соң қоғамға бейімделуі, жұмыссыздар мен баспанасыздарды әлеуметтік қамту мәселелері қаралып, комиссияның 2017 жылы атқарған жұмысы қорытындыланды және келесі жылдың жоспары бекітілді.

Міндеттер сараланды

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының, тұрғын үй, әлеуметтік сала және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы жөніндегі жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, қыс маусымында автомобиль жолдарына күтім жасау және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қолға алынған шаралардың барысы талқыланып, осы бағытта нақты міндеттер белгіленді.

Əуелі аймақ басшысы жаңадан тағайындалған Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпанды, Есіл ауданының әкімі Талғат Ерсейітовті, Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжановты, Зеренді ауданының әкімі Мереке Мұстафинді жəне облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Марал