Category Archives: Құрылыс

Бағдарламалық жобалардың болашағы зор

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін облыста түрлі жобалар қолға алынып, жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Солардың ішінде құрылыс саласына қатысты биыл үш жоба жүзеге асты. Елбасының қазақстандықтардың алдына міндеттеп берген осындай бағдарламалық тапсырмаларының нәтижесінде құрылыс қарқынының күш алуы байқалады.

Құрылысқа бөлінген қаражат қалай игерілуде?

Мемлекеттік «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларының 2015-2019 жылдарға арналған «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» мен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту, су және жылу желілерін салу, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыттары бойынша «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық, Көкшетау қалалық мәслихаттарындағы депутаттар фракциясының көшпелі отырысы өтті.