Category Archives: Қоғам

Су тасқынына – тосқауыл

Биыл қыста қар қалың түспегенімен, топырақ қабатының қатып қалуы салдарынан кей аудандарда су тасқынының қаупі мол. Дәл қазір табиғат апатын алдын алуда қауырт шақ туып отыр. Аудандар мен қала әкімдіктері төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірлесіп, жергілікті жерлерде су тасқынын болдырмау мақсатында қауіпті елді мекендерді толығымен бақылауға алып, өзен-көлдерде мұз жару жұмыстарына барлық күшті жұмылдыруда.

Біздегі ойын-сауық орталықтары қауіпсіз бе?!.

Ресей Федерациясының Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда және ойын-сауық орталығында 64 адамның өмірін қиған қайғылы жағдай біздің

Жел де тұрады, тұман да түседі, жауын-шашын да, көктайғақ та болады

сәуір айындағы ауа райының болжамы осындай

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорны Ақмола облыстық филиалының директоры Бақыт Мақажанова журналистерге алдағы ауа райының болжамы жөнінде айтып берді.

Өрттің бетін аулақ қылсын!

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының қатысуымен Көкшетау қалалық әкімдігінде «Облыс аумағында орналасқан сауда және ойын-сауық орталықтарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Қазақстан жастары: «Жаңа әлемге жол саламыз!»

Жуырда Астана қаласында «Жас Отан» жастар қанатының кезекті 4-ші съезі өткен болатын. Съездің «Жаңа әлемге жол саламыз» деп аталуының өзі

Өнеркәсіптік қаладағы Наурыз тойы

СТЕПНОГОРСК.
Степногорлықтар биыл Наурыз мерекесін жалпы халықтық мейрам ретінде мерекеге сай безендірілген Тәуелсіздік даңғылында саланатпен қарсы алды.

Аяқ киімдерге сұраныс жоғары

ЦЕЛИНОГРАД.
«SAMHAT» аяқ киім фабрикасы Алматы қаласында өткен 9-шы халықаралық SHOESSTAR-ASIA аяқ киім және былғары галантерея көрмесіне қатысты.
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ұйымдастырылған «Күз – қыс 2018-2019» коллекциясы көрмесінде жерлестеріміз ерлер мен әйелдер аяқ киімі үлгісінің жаңа түрлерін таныстырды. «SAMHAT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы 2008 жылдан басталғанымен, кәсіпорынның серпінді жұмыс істейтін шағы енді туғандай.

Бурабайда Диснейленд ашылады

БУРАБАЙ.
Биыл жазда «Қазақстандық Лапландия» аумағында «Бурабай-лэнд» ойын-сауық паркі ашылмақшы. Бұл туралы «Бурабай даму» бірыңғай байланыс орталығының жетекшісі Азамат Баймұқанов мәлім деді.

Жас ұрпақты интернеттің зардабынан қорғайықшы!..

«Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында бейнеконференция түрінде «Балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау – мемлекеттің өзекті проблемасы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Баланың бәрі бақытты болсыншы!..

Табалдырықтан енді аттай бергенімізде сұңғақ бойлы, сары бала қос қолын ұмсынып, аузын толтырып:
–Ассалаумағалейкум,–деп сәлем берді,–төрге шығыңыздар, анам үйде, қазір шақырайын.

Тексеріс те жүргізілді

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Алексей Советов жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, БАҚ өкілдері үшін 2018 жылдың көктемінде Зеренді және Сандықтау аудандарында көктемгі су тасқынына дайындық және осы бір қысылтаяң кезеңнен апатсыз өту мәселелері қамтылған баспасөз турын өткізді.

I. Тазының тағдыры

Ел шетіндегі егістік алқаптар иен қалған соң аң-құс ересен көбейген. Әсіресе, елік. Әп-әдемі, сұп-сұлу. Қайың орманның қылтасынан сауыры жылт етіп шыға келеді. Жіңішке, серпінді аяқтарын қаздаңдай басып, тап-таза жанарлары жәудіреп, үрке қарайды. Сәлден соң жай оғындай жалт етіп, жаясы күн нұрына шағылысып, қалың бұтаның арасына күмп береді. Енді қайтсін, адамдар қуа-қуа әбден зәрезат болып қалған. Тіпті, адамзат баласын көргісі келмейтіндей.

Ұрпағымызға сана берсін

Заманына қарай діни сипат берілген, атеистердің ықпалымен сонау 1926 жылдан бастап тойлануы тоқтатылған, тек араға 72 жыл салып ортамызға қайта оралған Наурыз мейрамы егемендігіміздің жемісі, Елбасы көтерген рухани жаңғыруымыздың нышаны деп білеміз.
Әр ұлт өкілінің өз ата дәстүрін әспеттегені жақсылықтың, ұрпақ санасына сіңірген ізгі жолының жарқын үлгісі. Біз де кезінде партия, кеңес

Новруз байрамыныз мубарек олсун! Қазақстан халгы хошбахт олсун!

Шығыс халықтарының бәріне ортақ мейрам Әз Наурызды Әзірбайжан халқы да асыға күтеді. Наурызды аса ыждаһаттылықпен, ерекше дайындықпен қарсы аламыз.

НАЙЛЕПШЕ ЖЫЧЭНИЯ З ОКАЗИИ НАУРЫЗУ!

Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық ұлттар мен ұлыстар көгілдір көктемдегі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін ізетті ынтымақтастықпен тойлайды. Тарихтың тар соқпағында тақсірет тартып келген талай жұрт қазақтың қонақжайлылығы мен қайырымдылығын, жанашырлығын ешқашан ұмытпайды.