Category Archives: Әлеумет

Үйіңізде лифті жұмыс істей ме?..

–Апа, ипотекаға пәтер алатын болдым. Немересі Ержан үйге сөйлей кірген.
–Ой, құлыным-ау, құтты болсын. Жаңа үй ме?

2018 жылдан бастап БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі өзгереді

Мінеки, 2017 жыл да аяқталып келеді. Алдағы жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесінде бірқатар өзгерістер орын алғалы тұр. Солардың бірі – 2018

Әйелдер үшін зейнеткерлік жас өзгереді

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасының 2018 жыл мен 2027 жыл аралығында кезең-кезеңмен көтерілуін көздейтін норма күшіне енеді. Ол жыл сайын алты айдан қосылып, 10 жыл бойы жүзеге асырылатын болады.

Жастар ауыл мәселесіне бойлады

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында облыс орталығының іргесіндегі Краснояр селосында «Жастар агрофорумы-2017: Болашақ кәсіпқойлардікі» атты ауыл жастары қоғамдық қозғалысы көшбасшыларының және оқушылардың ауыл шаруашылығы бригадаларының форумы болып өтті.

Тіл дамуы – ел дамуы

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – деп Қадыр ақын айтқандай, қазақ қазақ болып тәуелсіздігімізді алып, тұғырымызды көтергелі бері ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Елімізде тіл мәселесіне аса көңіл бөлініп, қазақ тілін дамытуға көп күш салынып келеді.

Кәрістердің қоныстанғанына 80 жыл

1937 жылдың 21-ші тамызында кәріс халқын Қиыр Шығыстан көшіру туралы құпия қаулы шығып, оларды Қазақстан мен Өзбекстан жерлеріне көшірген болатын. Осыған орай, «Қоғамдық келісім» мекемесінде кәрістердің қазақ жерлеріне қоныстанғанына 80 жыл толуына байланысты «Чинсон» кәріс мәдени орталығы арнайы іс-шара ұйымдастырды.

Өлкенің өңін өрендері кіргізеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз қажет. Ол үшін «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі», – деген болатын.

«Атамекен» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда

Қазіргі таңда елімізде Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен рухани жаңғыруға байланысты бірқатар жобалар іске асырылып жатыр. Солардың бірі «Атамекен» бағдарламасы болып табылады. Облысымызда бұл жобаны іске асыру тікелей Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясына жүктелген болатын.

Әлеуметтік желінің кері әсері

Қазіргі уақытта адамдар бір-бірімен көзбе-көз тіл қатысып, қарым-қатынас жасаудан гөрі Интернет желісінде араласқанды жөн көретін тәрізді. Мектепте, жоғары оқу орындарында, жұмыста қолымыздан смартфондарымыз бен телефондарымызды тастамай әлдебіреуден бірдеңе келетіндей елеңдеп отырамыз. WhatsApp, Facebook, Instagram, Twitter, ВKontakte желілерін қосып қойып, қайта-қайта телефонымызға шұқшиямыз. Бірақ, осы желілердің пайдасымен бірге, зияны да бар екендігін, оны жөнімен қолданған жөн екенін көбіміз қаперге алмай жатамыз.

Қаржы әлеуетін нығайтудамыз

Бұдан 24 жыл бұрын енгізілген теңгеміз экономикалық дамудың негізін қалады. Сол кездегі жағдай экономикалық реформаның нақты стратегия-
сы мен саяси ерікті талап етті. Бұл – дағдарыстан шығудың нақты бағыты мен жолын табуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда мұны банк саласының белсенді дамуынан байқауға болады.

Көштің басын Көкшетауға да бұрған игі…

Соңғы жылдары халқы тығыз қоныстанған Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан солтүстік өңірлерге көшуге ниет білдірген адамдарды, тұтас отбасыларын қоныстандыру жүргізіле бастады. Бұған Үкімет көңіл де, қаржы да бөліп отыр. Арнайы мемлекеттік бағдарлама да жасалды. Осы

Баспана алудың машақаты

«Баспананың зарын тартып жүрген адамдардың біріміз. Алатын аз ғана айлығым ішетін тамағым, киетін киімім бар дегендей, күнкөрістен артылмайды. Сонда да баспаналы болудан үміттімін. Осыдан төрт-бес жыл бұрын мемлекеттік «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы арқылы пәтерлі болуға ұмтылып көргеніммен, одан ешқандай нәтиже шықпады», – деп мұңаяды біздің бүгінгі кейіпкеріміз Азамат.

Мүгедек балалар қамқоршысы

Ата-ана үшін баласының ауырғанын көруден асқан азап жоқ. Десек те, бүгінгі қоғамда мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар аз емес. Олар да бауыр еті балаларының өз қатарластары секілді ойнап, күлгенін, аман-сау өсіп жетілгенін қалайды. Өкінішке орай, кейбір дерттерді бірден емдеп

Әлеуметтік қорғаудың аясы кең

Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күніне орай, Достық үйінде облысымызда осы саланың дамуы-на сүбелі үлесін қосып жүрген үздік қызметкерлерді марапаттауға арналған салтанатты шара өтті.