Category Archives: Денсаулық

Әлеуметтік мәртебеңізді тексеріңіз

Азаматтар міндетті медициналық сақтандыру шеңберіндегі өзінің әлеуметтік мәртебесін E-gov порталында тексере алады.

Медициналық сақтандыру қалай жүзеге асырылуда

Қазіргі таңда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде дәрігерлік қызмет көрсетуге медицина ұйымдарының өтініштері

Барлық ана, барлық бала оны жақсы көреді

Педиатр дәрігер, облыстық балалар ауруханасы нәрестелер бөлімшесінің меңгерушісі Раиса Кенжебекқызының есімін бұрыннан жиі еститінмін. Жас аналардың осы бір ақ халатты абзал жан туралы айтқан оң пікірлері сол кезде-ақ санамда жақсы пікір қалыптастырған еді. Ал, жуырда онымен әңгімелесудің сәті түсіп, шынымен де мақтауға тұрарлық адам екеніне тағы бір мәрте көз жеткізіп қайттық.

Медициналық қызметтің сапасын анықтайды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ауруханалар мен емханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымша әзірлеп шықты. «МСҚ: Халықтық бақылау» деп аталатын бұл қосымша 6 қарашадан бастап тұрғындарға жол тартты.

Онкологиялық диспансердің кеңесі

Облыстық онкология диспансерінде ұйымдастырылған Ашық есік күні аясында тұрғындар дәрігерлерден кеңес алып, маммография, рентген зерттеулерінен өтті.

Онколог-маммолог, гинеколог, хирург, уролог дәрігерлер келушілердің денсаулығын жіті тексеріп, кеңестерін айтты. Сонымен қатар, 50-ден астам маммография, 18 кеуде қуысының, қаңқа сүйектерінің рентген зерттеулері жасалды. Ал, ультрадыбыстық зерттеу кабинетінде қырықтан астам адам тексерістен өтті.
Денсаулықтарын тексертуге жастар да, егде жастағы адамдар да көп келді. Дәрігерлер екі әйел адамда сүт безінің қатерлі ісігі болуы ықтимал деген диагноз қойды. Қатерлі ісік ауруының осы түрі әйелдердегі онкологиялық аурулардың ішінде көш бастап тұр.
Бұл дертке шалдығатын адамдар саны жыл сайын көбеюде. Көбінесе ол күйзеліс, кеш босану, баланы емізуден бас тарту салдарынан пайда болады. Өкінішке орай, көптеген қыз-келіншектер өздерінің онкологиялық дертке шалдыққанын кеш біліп жатады. Өйткені, қатерлі дерт алғашқы кезеңдерде адам ағзасында ешқандай белгі бермей асқына береді. Оны тек арнайы зерттеулердің нәтижесінде ғана анықтауға болады. Сондықтан, әр адам жыл сайын дәрігердің қарауында болып, денсаулығын тексертіп отыруы қажет. Облысымызда онкологиялық ауруларды дер кезінде анықтауға және оны кешенді емдеуге барлық жағдайлар жасалған. Өз денсаулығымызға өзіміз мұқият болайық.

Набира ЭСЕНОВА,
облыстық денсаулық сақтау
басқармасының баспасөз хатшысы.

Балаңыздың жан дүниесіне тереңірек үңіліңіз

Облыстық қан орталығында жасөспірімдердің денсаулығы мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

Жиында келтірілген мәліметтерге сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда биыл облысымызда суицид фактілері көбейіп отыр. Жыл басынан бері 31 жасөспірім суицидке барса, оның 13-і өліммен аяқталып, 18-ін өз-өзіне қол жұмсамақ болған жерлерінен аман алып қалған. Былтыр аймақта 11

Емдеу нәтижесі жақсы

2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі – мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың басқалармен тең дәрежеде білім алуына жағдай жасау.

Тәжірибе жүзінде мұның қалай іске асып жатқандығын біз медициналық-әлеуметтік мекемедегі жұмыстарды мысалға алып түсіндіріп бермекшіміз.

Ақыл-ой кемістігін емдеу мен алдын алудың маңызы

Ақыл-ой кемістігі дегеніміз адам психикасының тоқтатылған немесе жеткіліксіз даму жағдайы. Ол бірінші кезекте өсіп жетілу кезеңінде пайда болатын және жалпы интеллектуалдық деңгейді, яғни, когнитивтік, сөйлеу, қозғалыс және әлеуметтік мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін қабілеттердің бұзылуымен сипатталады. Ақыл-ойдың кемдігі кез келген психикалық және соматикалық бұзылыстар немесе бұл аталғансыздар-ақ та дамуы мүмкін.