Category Archives: Еңбек

Мамандығы – мақтанышы

Көкшетау қаласындағы «Көкше нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің наубайханасы нан өнімдерін шығарумен айналысады. Мұндағы нан пісіру жұмысы күні-түні бір тынбайды. Серіктестік өз еңбеккерлерін моральдық және материалдық жағынан қолдап отырады. Соның арқасында ынта-

Домбыра жасап, шәкірт баулыған

Қазақтың ұлттық ән өнері мен оны сүйемелдейтін аспаптары өзінің диапазоны, әуезділігі және кең тыныстылығымен кез-келген халықтың осындай құндылықтарынан асып түспесе, кем түспейтіндігі әлмисақтан белгілі. Бұл әрине, халқымыз дүниеге әкелген небір саңлақтарымыздың арқасы. Олар кешегі заманда да аз болмаған, бүгінгі таңда да баршылық. Ұлттың ұлы мұрасын жалғастырушылар қатары ешқашанда сиреп көрмегендігін қай жағынан да үлкен ілтипатпен ауызға алуға болады.

Ел сенімін ақтап жүр

Еліміз тәуелсіздік алған тұстан бастап ауданымыздың жеткен жетістігі аз емес. Ол әрине, ел жайын ойлайтын азаматтардың арқасы. Соның бірі – аудандық мәслихаттың депутаты, Қорғалжын ауылының тумасы Жаңбыршы Темірбек.

Еңбектері бағасын алды

Облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов Геолог күні мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысып, кәсіби мереке иелерін марапаттады.

Ауыл дәрігері

Қазіргі уақытта елімізде денсаулық сақтау мәселесіне айрықша көңіл бөлініп отыр. Әсіресе, ауылдық жерлердегі халыққа денсаулық сақтау саласы

Бақытын дәрігерліктен тапқан жан

Лидия Петровна Викторова! Бұл еңбек ардагерінің есімі облыс фтизиатрларының арасында зор құрметпен аталады. Өйткені, осыған лайықты еңбегі, өмірлік тағылымы бар. Жастайынан дәрігерлікті қалаған мейірімді жан Қарағанды облысының Новая Тихоновка кентінде дүниеге келді. Әкесі шахтада кенші болса, анасы төрт баланың тәрбиесімен айналысты. Ол кездегі жағдай белгілі. Тұрмыстары ауыр еді. Орта мектепті бітіргеннен кейін

Аждардың абыройлы жолы

Жасампаздыққа ұмтылған жаһан жан-жақтылықты талап етуде. Бұл қоғам мүшелеріне қаратып айтылғанымен, жалпыдан жалқының аты озатыны, көшбасшылық қасиетке ие жанның жұлдызы жанатыны халқымыз қастерлеген қағидалы қасиет. Оның астарында орасан жауапкершілік те жатыр. Аталған ұстанымдарды ұлықтаған азаматтың бірі Атбасардағы Аждар Тайшытаев десек жарасады.

Оператор

1987 жылы Көкшетау машина жасау техникумын бітірген жас қыз Күлхан Қалымгереева сол кезде КДА, бүгінде «Тыныс» АҚ-ы аталатын кәсіпорынға мамандығына сай кескіндеме сызушы болып қызметке орналасқан еді. Міне, содан бері ол осы кәсіпорында үзбей еңбек етіп келеді.
Қазір ол көбейткіш техникалар бөлімінде оператор болып істейді. Заман талабына сай жаңа құрылғылар орнатылып, озық технологиямен жұмыс

Елге ісмерлігімен ұнаған

Білім беру мен денсаулық сақтау, өнер мен мәдениет салаларында жемісті еңбек етіп жүргендердің басым бөлігін әйелдер құрайды екен. Оның сыртында сауда мен халықтың тұрмыстық қажетін өтеу орындарында, шағын және орта кәсіпкерлікте де әйелдердің белсенділігі артуда. Осының барлығын саралай келе, бүгінде қоғамның қай саласында болсын әйел қолының айқын таңбасы барына сүйсінесің.

Ел құрметі тегін емес

Жұрт арасында жылы лебізге лайықты адамның бірі – Гүлнұр Сәдуақасова. Ол 1991 жылы педагогикалық институтты бітіріп, бірден индустриялы шаһардағы Заводской орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне қабылданғанда-ақ көп назарын өзіне аударған. Бұл ел тарихындағы бетбұрысты әрі қиын-қыстау кезең екендігі белгілі. Осындайда жалынды жастардың жарқырап алға шығатыны ғанибет. Степногорск қаласы өзіндік ерекшеліктері, тіпті, бөлекше ұстанымдары бар шаһар десек болғандай. Сол ұстанымдардың ашығырақ айтсақ, Мәскеуге тікелей бағынып келген жасырын қала менталитетінің сең-тоңдары да оңайлықпен бұзыла қоймағаны жасырын емес.

Кәсібін сүйген

«Мамандықтың бәрі жақсы» десе де, әркімнің өзіне ұнаған, жүрек қалауымен таңдап алған кәсібі болады. Ольга Миронова да онжылдықты бітірген соң бірден өзі таңдаған аспаздық мамандық бойынша жұмысқа орналасып, содан бері ұзақ жылдар бойы аспазшы болып еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол өз ісінің қыр-сырын меңгеріп, нағыз кәсіби маманға айналды. Содан болар, өз ісін жетік білетін маманға деген сұраныс та жоғары.

Ер еңбегімен танылады

Елі үшін аянбай еңбек етіп, келешек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүрген жандар баршылық. Солардың бірі – Шағалалы селосындағы агробизнес колледжінің аға оқытушысы Тынымбай Досбатыров.

Қап тігудің шебері

Зейнекеш Мұхамедина 2012 жылдан бері Көкшетау қаласындағы іргелі кәсіпорындардың бірі – «Новопэк» серіктестігінде тігінші болып еңбек етіп келеді. Жұмсақ материалдардан түрлі сыйымдылықта қап тігетін оның жұмысы бір қарағанда қарабайырлау сияқты көрінгенмен, ыждаһаттылықты, кәсіби шеберлікті қажет етеді. Өйткені, әр қап белгіленген көлемде тігілуі керек және жұмыс сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Полиэтиленнен тігілетін

Жаныңды мақпал мінезімен баурайды

Ұлы Әл-Фараби «Даналыққа ұмтылатын адам ең жақсы тәрбие алған, мейірімді адам болуы тиіс» деген екен. Ал, жақсы тәрбие алу үшін, сабырлық танытып, көп оқып, көп білу қажет, қала берді қоғамдық өмірге белсенді қатысып, патриот болуы керек деп есептеймін. Парасаттылық сана мен жүрекке орнайды. Біз жоғарыда айтып өткен жақсы қасиеттердің барлығы бір бойынан табылатын, мінезі мақпал, кең пейілді, қашанда жақсы, игі істердің басы-қасынан табылатын жандардың бірі Динара Башарова дер едім.

Егіндікөл аудандық ауруханасының терапевт-дәрігері Алтынсара Қайырбекқызы Қасенова