Category Archives: Қоғам және заң

Айып тағылған жас жігіт ақталып шықты

Сот тарихында айыпкер ретінде үстінен қылмыстық іс қозғалып, сот талқысына түскен адамдардың арасында жазықсыздығы анықталып, ақталып жататындары сирек те болса кездесіп қалады. Қазақ «Аққа құдай жақ» демей ме. Құқық қорғаушылар тарапынан қылмыскер ретінде айыпталып,

Сот жүйесіндегі ақпараттық технология

Кеңес заманында біршама жабық мекеме болып саналатын сот жүйесі еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде ашық бола түсті. Сот мәжілістерінің ашық өткізілетіні өз алдына, сот қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдеріне арнап түрлі шаралар өткізетін болды және ақпарат құралдарына өз жұмыстары

Көлікті 20 минутта тіркеуге болады

Бұрын-соңды азаматтар сатып алған көліктерін тіркету үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында кем дегенде екі сағаттан артық уақыт күтетін, енді бұл операцияны онлайн жүйесінде тез атқаруға болады. Бұл әдіс құжат рәсімдеуді 2 сағаттан 20 минутқа дейін қысқартты.

Айналайын, қызым-ай!..

шет елдің азаматына тұрмысқа шығып кеткен қызының хабарын естігендегі анасының өксігі еді бұл!..

– Алло, анашым, сәлеметсіз бе? Қал-жағдайларыңыз қалай? Анашым, Алла жазса, екі айдан соң елге келіп кетемін. Айтпақшы, сосын тұрмысқа шыққалы жатырмын. Қалғанын кейін айтармын. Сау болыңыздар, – деп асығыс-үсігіс Айжанның айтқан жаңалығына анасы Күнімжан аң-таң. –Е-е-е, құлыным қайда жүрсең де аман болшы, әйтеуір, сол жақта қалып қоюдан сақтасын, – деп ішінен тынды. «Келіп-кетермін деді ме, о несі?» деген оймен анасы телефонын орнына қойды.

Іс қарау көбейіп, жетіліп келеді

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров БАҚ өкілдерімен биылғы жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Онда сот жүйесінде атқарылған жұмыстар, қол жеткен жетістіктер мен олқылықтар жан-жақты сөз болды.

«Ұят, борыш, обал…»

бабамыздан қалған бұл өсиет бүгінгі сот қызметкерлерінің де ұстанымы болса керек

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сот жүйесін жетілдіру, әділ сот төрелігін жүзеге асырып, халықтың оған деген сенімін арттыру жайы жан-жақты айтылған. Құқықтық демократиялық қоғамда барлық даулы мәселелер сот арқылы шешімін табатынын ескерсек, сотқа жүктелер міндет жүгінің ауқымды екенін түйсінеміз. Міне, сондай ауыр да жауапты міндетті мойындарына алған судьялар өз жұмысын жақсы білетін білікті маман ғана емес, адамдармен адами қатынас жасай алатын бойына ізгілікті қасиеттерді орнықтырған әдепті, мәдениетті жан болуы да тиіс.