Category Archives: Мәдениет

Өнер көгінде қанатың талмасын!

Таяуда Астана қаласында «Жұлдыз достарын шақырады» атты жас музыканттар мен орындаушы аспапшылардың республикалық байқауы болып өтті. Аталмыш өнер додасында Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-лицейінің 4 «ә» сынып оқушысы, балалар музыка мектебінің шәкірті, қобызшы Ясмина Сүлейменова Бас жүлдені иеленіп, өз мерейін өсіріп, облыс абыройын аспандатты. Балғын қобызшының осындай дүбірлі додаларда топ жаруы оның қанына біткен табиғи дарыны деп бек сеніммен айта аламыз.

Қара домбыраның мұңы

«…Ой-бай, бастық келеді! Тұра тұрыңдар, тыныш отырыңдар. Шақырған кезде шығасыңдар…» деген сөздер естіліп жатыр екен. Жан-жағыма қарасам,

Ғалияның жібек мінезі

Ақмола облыстық мәдениет басқармасының жанында мәдениет, өнер ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімі бар. Басқарма басшысы Сәуле Бөкейханқызының тікелей басқаруындағы бөлімге әрине, қай кезде де зор жауапкершілік жүктелген. Елбасының

«Бала биден» болашақ шешен шығар

Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігі, облыстық оқу-әдістемелік орталығының мұрындық

Жүректегі жан дүние

Алаштың ақын ұлы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Президенті стипендиясының үш мәрте иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы, жерлесіміз – Алмас Темірбайдың өлеңдерінің желісімен құрылған «Алып елім – Алашым!» атты әдеби-музыкалық композициясы көрермен көңілінен шығып келеді.

Мерей

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құрметіне Көкшетау қаласындағы әдебиет және өнер мұражайында «Үздік библиограф-2017» облыстық байқауы өтіп, ең үздік кітапхана қызметкерлері марапатталды.

Ақындар Алаш қозғалысын жырлады

Алаш қозғалысына 100 жыл толуына орай, облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында «Алаш мұраты – тәуелсіз Қазақ елі» атты облыстық ақындар мүшәйрасы болып өтті.

«Қас-қағым» тағы да бас жүлде алды

Астана қаласында «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Театрлар ассоциациясы ұйымдастыруымен Қайрат Сүгірбеков атындағы республикалық жас режиссерлердің 1-ші фестиваль-форумы болып өтті. Осы

Жасампаздық салтанаты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Целиноград аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өткізілді.

«Отаным–Қазақстан, Елбасым – Нұрсұлтан!»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Көкшетаудағы облыстық халық шығармашылығы орталығы «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты композиторлар байқауын ұйымдастырды.

Татар театры Көкшеде өнер көрсетті

«Ақмола облысының татарлары мен башқұрлары» қоғамдық бірлестігінің арнайы шақыруымен келген Буинск татар сатира театрының ұжымы көкшетаулық театрсүйер қауымды өз өнерлерімен тәнті етіп, бүгінгі күннің ащы шындығын зілді әзілдерімен сахналап, жұртшылықты толғандырды.

Тәжік ұлттық-мәдени орталығы құрылды

Облыс орталығында «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі құрылды.

Мектеп мерейі

Мектеп оқушыларын ұйымшылдық пен бірлікке тәрбиелеу мақсатында Ерейментау ауданында өткізілген І аудандық «Күз мерекесі-2017» байқауында Новокаменка негізгі мектебінің ұжымы бас жүлдені жеңіп алды.

Домбырашы Юра!

Сахна төрінде қаршығадай түйілген нәзік бітімді, қағылез, сары бала. Зал толы күй әлдиімен толқыған, көз алдарына Сарыарқаның сайын даласын, сайын даладағы көкорай жасыл шалғынды, сарқырап аққан бұлақты, үзіліп түскен моншақтай әсем көгілдір көлдерді елестетіп, беріле тыңдап отырған қауымды елер емес. Өзі де сахна төрінде отырғанын ұмытқандай. Оң қолдың бес саусағы екі ішектің үстінде алма-кезек жосыла құйқылжиды. Мың сан дыбыс. Домбыраның шанағынан төгілген сиқырлы үн кең залдың ішін кернеп кеткен.

Жетігенмен шертеді жүрек қылын…

Алма ағаштың гүліндей, бәйшешектің бүріндей құлпырған бұрымды қыздар жетігенмен халық әні Дударайды нақышына келтіріп орындап берді. Жетігеннен үзіліп жеткен мөлдір музыка сылдырлап аққан бұлақтай жаныңды кәусар сұлулыққа бөлесе, енді бірде сазынан сайын дала балқып, тау-тас күңіреніп кеткендей күй сезеді екенсің.