Category Archives: Мәдениет

Домбырашы Юра!

Сахна төрінде қаршығадай түйілген нәзік бітімді, қағылез, сары бала. Зал толы күй әлдиімен толқыған, көз алдарына Сарыарқаның сайын даласын, сайын даладағы көкорай жасыл шалғынды, сарқырап аққан бұлақты, үзіліп түскен моншақтай әсем көгілдір көлдерді елестетіп, беріле тыңдап отырған қауымды елер емес. Өзі де сахна төрінде отырғанын ұмытқандай. Оң қолдың бес саусағы екі ішектің үстінде алма-кезек жосыла құйқылжиды. Мың сан дыбыс. Домбыраның шанағынан төгілген сиқырлы үн кең залдың ішін кернеп кеткен.

Жетігенмен шертеді жүрек қылын…

Алма ағаштың гүліндей, бәйшешектің бүріндей құлпырған бұрымды қыздар жетігенмен халық әні Дударайды нақышына келтіріп орындап берді. Жетігеннен үзіліп жеткен мөлдір музыка сылдырлап аққан бұлақтай жаныңды кәусар сұлулыққа бөлесе, енді бірде сазынан сайын дала балқып, тау-тас күңіреніп кеткендей күй сезеді екенсің.

Жарқырай бер, театр жұлдызы!

«Көкшетау» мәдениет сарайында облыстық орыс драма театрының құрылғанына 40 жыл толуына орай ұйымдастырылған аймақтық театрлар фестивалі қорытындыланып, жылдағы дәстүр бойынша үздік сахнагерлер анықталып, марапатталды. Сонымен қатар, облыстық театрдың іргесін қаласып, қанат жаюына, дамуы мен нығаюына белсене үлес қосып, қажырлы еңбек етіп келе жатқан театр қайраткерлеріне лайықты құрмет көрсетілді.

Өнер салтанаты

Ақмола облыстық орыс драма театрының құрылғанына 40 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Театральная осень» І Аймақаралық театрлар фестивалі өз шымылдығын ашты. Мәдени шараға жиналған өнер саңлақтары алдымен аталмыш театрдың негізін қалаған Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Я.Куклинскийдің рухына тағзым етіп, атақты актердің қабіріне гүл шоқтарын қойды.
Театр жаңа маусымда Шекспирдің «Гамлет» трагедиясын сахналап, көрермен көңілінде тамаша әсер қалдырды.

Марий Эльдің әсері

Көкшетаудағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің талапты да талантты бір топ білім алушылары Марий Эль Республикасы Йошкар-Ола қаласындағы И.Палантай атындағы республикалық мәдениет және өнер колледжінің арнайы шақыруымен сонда ұйымдастырылған шеберлік фестиваліне қатысып қайтты. Бұл шараға Екатеринбург, Владимир, Қазан, Тула, Саратов, Елабуга қалаларынан келген жас талаптар жиналған болатын.