Category Archives: Рухани жаңғыру

Латын әліпбиінің оралуы

Өркениетті дүние латын таңбаларын ертеден пайдалануда. Ол әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қолданылады. Туысқан Түркия елі 1929 жылдан, Әзірбайжан мен Түркіменстан 1993 жылы латын жазуына көшкенін, ал, өзіміздің Қазақстанда 1929-1940 жылдары латын жазуын пайдаланғанын тарихтан білеміз.

Қайда жүрсең де, тұғырың – туған жер!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында Ақмола облысынан да сегіз адам жеңімпаз атанған-ды. Солардың арасында Жақсы ауданынан сынға түскен сценарист, продюсер Айдие Айдарбеков те бар болатын. Жерлесіміз қазір Америкада «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Айдие өзінің туған жерге деген сағынышын «Арқа ажары» газеті арқылы жеткізіп отыр.

Архивтегі құжаттар сыр шертеді

Ақмола облыстық мемлекеттік архивінде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында – «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты жобаның тұсаукесері өткізілді.

Ескерткіштердің QR-кодтары бар

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен жылдан бері облысымызда киелі жерлердің географиясын жасауға байланысты көптеген шаралар атқарылғаны белгілі.

Сананы өзгерту – заман талабы

Ақмола жұртшылығы арасында да үлкен қызығушылық туғызып, қолдауға ие болған мақалада өткен тарихымыз бен қазіргі тәуелсіз елдің рухани жаңғырудағы басым бағыттары айқындалып отыр. Осыған байланысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аймақта бірқатар шаралар ұйымдастырылады. Бағдарламаны іске асыруға зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, партиялар, кәсіподақтар, жастар жұмылдырылуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жобаның тізімімен бекітілген және оған қосымша 4 кіші бағдарламадан тұрады.

БІРЖАН САЛ

Ұлт әдебиеті мен мәдениеті тарихында ақын-композитор, импровизатор, әнші Біржан сал Қожағұлұлы өнернамасы айрықша құрметке ие. Руханият әлемінде сал-серілер поэзиясының қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан ерен тұлға. Сахарада өз алдына ақындық мектеп құрған, ұлттық музыка

Бертіс әулетінің баяны

Біржан сал Қожағұлұлының Қожамқұлдан тараған аталас ұрпағы ретінде, бабамыздың шыққан тегі Бертіс әулетінің қысқаша тарихын баяндап берсем деймін. Біз бала күнімізден әжемізбен тоқсан үй Бертіс, Бес ауыл Бертіс дейтін атауларды құлағымызға құйып, естіп өстік. Әжеміз Біржан салдың кіші ұлы Қалкеннің жұбайы болған. Ол кісі жастай қайтыс болған соң біздің атамыз Қожамқұлдан тарайтын Салық Жахинмен тұрмыс құрған. Әжеміз Рахия

Көңілді сыр толғайды

Әлденеше жыл Еңбекшілдер ауданында жемісті еңбек атқарып, елін, жерін, халқын сыйлап, әйкәпір атанбай зейнеткерлікке жетіп, сол ауданның құрметті азаматы атанғанымды үлкен мақтаныш тұтам.

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын!

Мұхтар ӘУЕЗОВ:
Тобықты ішіне сонау алыс Көкшетаудан келген, сирек, сый қонақ. Өзі ақын, өзі әнші, өзі сері Біржан. Құйқылжыған әніне қалың жиын қыбыр етпей ұйып, мүлгіп отырғанда, кербез әнші өзі де, жүзіне бір жылтыр майда рең бітіп, нұрлана құбылады.

Елбасына ризамыз!

Мен Біржан сал бабамыздың баласы Теміртастан туған Мұханбетқалидың ұлымын, Біржан салдың шөбересімін!

Жаңа өнер дамыған сайын Біржан сияқты ардагер ақын өнерпаздың шығармалары, ұмтылмас абзал бейнесі бізден алыстамайды, әрқашан қасымызда күмбірлеп күй тартып, шырқап ән салып, сырласып, мұңдасып, әзілдесіп күліп-ойнап, мәңгі бірге жасамақ.

Ұлттық сана мен білім ошағы

Жаздың жаймашуақ базарлы күндері тарқап, қыстың қаһарлы мезгілі бастау алар шақта Қазақ үшін ең бір қастерлі оқиға – Тәуелсіздік мерекесі табалдырығымызды аттайды. Азаттықтың ақ таңы арайлап атқан осы күн әрбіріміздің жүрегімізді тербеп, еркіндіктің шуақ нұрын себелейді.

Иә, бұл азаттық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ғасырлар бойы аттың жалында жүріп, қолдарынан үкілі найзаларын тастамаған бабалар жолы қалтарысы көп, қарбаласы да аз емес тірліктің терең тамырынан нәр алғаны ақиқат.

Өткенін ескеріп, келешегін кемелдендірейік

Туған жер! Туған ел! Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әр қалай түсінетін де шығар. Ал,

«Шағын және орта бизнеске несие беруден біздің облыс бірінші орында!»

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы
Ербол ЖАҚСЫЛЫҚОВ:

Ата-бабамыз аңсап өткен киелі тәуелсіздігімізді алғанымызға биыл 26 жыл толып отыр. Осы аралықта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі

Асқар тауға көлеңке түспейді

Тәуелсіздіктің тарихы мен тағдыры
Елбасының тарихы мен тағдыры болып қалыптасты

Мәңгі мұраты бар елміз

Тәуелсіз ел атанған ширек ғасырлық уақытта еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан бүгінде әлем қауымдастығы толық мойындаған халықаралық қатынастардың белсенді мүшесі.Еліміздің тәуелсіздік алған жылдардан бері сыртқы саяси ұстанымы бір өзгерген емес.