Category Archives: Спорт алаңы

Үздік үштіктен көрінді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жастарды спортқа баулу мақсатында футзал жарысынан студенттер лигасының аймақтық ойындары болып өтті. Аталмыш спорт сайысында Көкшетау қаласындағы азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Жансаяның Үндістандағы жеңісі

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, бөркімізді көкке атып, қуанғанымызға міне, 26 жыл. Осынау ширек ғасырдан астам уақыт аралығында мемлекетіміздің абыройы дамудың қай саласында болсын өрге басып, алынбастай көрінген қамалдарды бұзып, асулардан асты. Осы кезеңдерде спорт саласында Кеңес заманында танылған спортшыларымыздың ізін жалғастыратын майталмандар шыға ма деген күдіктің болғаны да жасырын емес.

Әр жарысқа қанаттанып аттанамыз

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлем елдері арасындағы беделі мен абыройын одан әрі көтере түсу мақсатында мәдениет пен спорт саласына да көп көңіл бөліп келеді. Тәуелсіздіктің 26 жылында Қазақстанның спортшылары әлемнің дүбірлі додаларынан бастап, Олимпиада ойындарында да лайықты өнер көрсетіп, спорттың қай түрінен болсын небір биіктерді бағындыруда. Мемлекет басшысының жеті құрлықтың сайыпқырандары бақ сынайтын Олимпиада жеңімпаздарына, әлем чемпиондарына қолдау көрсетуі біз секілді жастардың ерік-жігерін қайрай түседі.

Мерейлері үстем болды

Қазақстан чемпионатында көкшетаулық каратистер 12 жүлдеге ие болды. Саңлақтармыздың қоржынына каратэнің киокушинкай-кан түрінен сегіз алтын, бір күміс, үш қола түсті.

Жанкүйерлерін жабырқатты

Өткен сенбі күні облыс әкімі Мəлік Мырзалин Көкшетау қаласында жергілікті «Оқжетпес» жəне павлодарлық «Ертіс» командаларының ойынын тамашалады.

Таусылмайтын «тамаша!»

Бұл «тамаша» жүйкеңе тиеді. Ана бір жылы тіпті болмаған соң біздің футбол комментаторларының «тамашалатқан» әлуләйінің ізімен «Тамаша» атты сықақ өлең жазып, ол «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген еді. Содан бері де біздің футбол біріншіліктері мен ел құрамасы ойындарындағы бұл пафос тоқтамай келеді. Яғни, біздің комментаторлар тоқтатпай келеді.