Category Archives: Жаназық

Ұлттық мейрамдардың ұлағаты мол

Көкшетау қаласындағы «Арман» бала бақшасы үшін наурыз айы әртүрлі ертеңгіліктер, ашық сабақтар мен өнер сайыстарына толы болды. Соның алғашқылары 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнінен бастау алды.

«Бесқонақтан» басталып, «Құралайдың салқынына» жалғасқан

Табиғаттың түрлі амалдары наурыз айынан басталады. Оңтүстікте наурыз айында аяқталатын «Бесқонақ» Батыс Қазақстан, Ақтөбе жерлерінде сәуір айында келіп жетеді. Менің бала күнімнен білетінім – «бесқонақ келді» дегенде ата-әжелеріміз ерекше мән беріп қарайтын, кәдімгі қонақ күткендей көрші-көлем, ауыл-ел болып, әр күннің өзінше атауымен ауа райы құбылмалы болатынын болжап отыратын. Соның бәрі құлағымда жатталып қалыпты. Міне, сол «Бесқонақтан» басталып, «Құралайдың салқынына» дейін жалғасатын табиғаттың ерекшеліктері туралы оқырманға жеткізгіміз келеді.

Ақан серінің Ақтоқтыға сыйлаған жүзігі

асылдың көзіндей әлі аман сақталып келеді

Қазақ білсін!

Адамды бұзатын не? Тағы сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз – еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені, қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала – бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді – елу жас па, жүз бе, бәрібір оны – аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек!
Бауыржан МОМЫШҰЛЫ.

Тіл білместіктің салдары неге апарады?

Ал, енді латыншаға көшетін де, оралатын да болдық! Тәуел­сіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан

Күлтегін жыры (еркін әдеби нұсқа)

Күлтегін Құтлық (Елтеріс) қағанның екінші ұлы, Білге қағанның (Могилян) туған інісі. Шешесі Елбілге қатұн. Жеті жасында әкесі Құтлық (680-692 жж.

Қазақ телевизиясының майталманы

Көзі тірісінде әр жыл сайын отбасымен бірге туған топырағына келіп, демалысын Сілеті өзенінің бойында өткізуші еді деп еске алады ел ақсақалдары.

Бақ балалы үйге қонады

Ана болу, көп баланың анасы болу нағыз ерлік. Міне, сондай көп балалы ана әрі бес бірдей ұлдың анасы, біздің бүгінгі кейіпкеріміз, Егіндікөл ауданы

Кеңес Одағының Батыры, жазушы-ғалым, академик Мәлік Ғабдуллин

Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 15 қарашада бұрынғы Көкшетау облысының Зеренді ауданындағы Қойсалған ауылында дүниеге келді. 1935 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдағаннан кейін Отан алдындағы әскери борышын өтейді.

Mәңгілік eл

Мәңгілік ел – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай салынып, 2011 жылы 16 желтоқсанда ашылған мәдени ескерткіш.

Жақсының аты ұмытылмайды

Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің өткен жылдың 21 желтоқсанында шыққан санында «Адам өнегесі – өмірлік өнеге» атты мақала жарияланып, онда бұрынғы Көкшетау облысының ауыл шаруашылығы саласында үлкен із қалдырған Төрехан Имаммұхаметұлы Ивахин туралы аз-кем сыр шертіліп еді.

Рахым мен мейірім шуағы

Ұлыстың ұлы мейрамы – Наурыз мерекесіне орай, ЕЦ-166/24 мекемесінде Ашық есік күні ұйымдастырылып, сотталғандар өздерінің жақындарымен, туған-туыстарымен сағына қауышты. Темір тордың арғы бетінде отырғандар мен олардың жақындары бұл күнді асыға күткендіктері өзара қарым-қатынас, ілтипаттарынан көрініп-ақ тұрды. Мен өзімнің ұлым Санжар Рыдунмен кездесіп қайттым.

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов 1922 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Майбалық ауылында дүниеге келген. Кішкентай кезінен ұшқыш болуды армандаған ол 1940 жылы Балашов әскери авиация мектебіне оқуға түсіп, кейін Чкалов әскери авиация училищесіне ауыстырылады. Ал, 1943 жылы қаңтар айында майданға алынып, басқыншы жаумен болған әуе ұрыстарында өзінің көзсіз ерлігімен ерекшеленді.

Қажыбай Қабыл-Фазыл

Қазақтың өлгенінің жаманы жоқ,
Сау күнде өсектен аманы жоқ.
Абай.

Бұл есімде әлдебір тылсым күш бар! Бұл есімді естіген біреулердің қуанары да, біреулердің тыжырына қалары да бар. Кімге қалай екенінде шаруам

Аппақ қар – ақ ниеттің ақ нұры

Ұлы Далаға Ұлыстың ұлы күні Әз Наурыз келді! Көне тарихтың не бір шаңдақты зобалаңы мен алаң да, алаң кезеңдерін бір басынан өткізген халқымыздың жүзі жарқын, көңілі көтеріңкі, еңсесі биік қазір. Соны көріп, соған қуанамыз, соған шүкіршілік қыламыз! Бұл ең әуелі ел Тәуелсіздігінің арқасы! Мұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз туған халқының әлем алдындағы жүзін жарқын етіп, бізді де, елін де әлемдік абыройдың биігіне көтергені деп санаймыз.