Category Archives: Жаназық

Мұхаметсәлім Кәшімовтің есімі ұмытылмауға тиісті

Бүгінде игілігін көріп отырған тәуелсіздік өздігінен келмегендігін, ғасырларға созылған ұлт азаттық қозғалыстары мен қазақтың озық ойлы ағартушыларының еңбектерінің нәтижелі жемісі екендігін де жас ұрпаққа ұқтыру парыз. Екі ғасырға жуық орыс патшасының бодандығында, онан кейін жетпіс жылдай кеңестік тоталитарлық жүйенің құрсауында болған кезде қазақтың озық ойлы тұлғалары ұлтты азат ету, тәуелсіз ел болуды армандап, сол үшін күресті.

Ойын – баланың ой-өрісін өсіреді

Тәлім-тәрбие берудің бастауы – мектепке дейінгі тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жаңарту елімізді баянды ету бағытында атқарылып жатқан іс. Бүгінгі таңда бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан қоғамның ертеңгі иелерін тәрбиелеп өсіру – отбасының, бала бақшаның, барша халықтың міндеті. Бүгінгі рухани жаңғырту үрдісінде мұны дұрыс шешу – жас ұрпақ санасында рухани мәдениетті қалыптастырумен бірге қаралады.

Егемен елдің «Еркем-айы!»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы бекітіліп, ол Қазақстан бойынша жаңа балабақшалардың салынуына игі ықпал етті.

Біржан сал есімі рух береді

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Еңбекшілдер ауданы Біржан сал ауданы болып аталды. Егемен еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында туған ауданымызға осы бір тарихи тұлғаның есімінің берілгеніне барша қазақ жұрты шын жүректен қуануда деп ойлаймын.

Мағжан мен Мандельштам

Белгілі қаламгер, жазушы-тарихшы марқұм Амантай Сатаевтың соңында біраз әдеби мұрасы қалды. Қаламгердің қазақтың талантты ақыны, Алаш қозғалысының белсенді өкілі Мағжан Жұмабаевқа қатысты эссесін орысшадан қысқаша аударып беріп отырмыз. Амантай Сатаев бүгінгі белгілі кинорежиссер Ақан Сатаевтың әкесінің ағасы.

Ұлы дала мирасы

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,
Жас балаша жүректі жақсы уатар.

Кітапханадағы тағылымды кеш

Тұңғыш Президент күніне орай, қалалық кітапхана жанынан құрылған Назарбаевтану дәрісханасында «Тарих және жетістік» атты ашық алаң ұйымдастырылды.

Аты аңызға айналған Бектауыл Баубек батыр

Баубектің тарихи рөлін қазақтың атақты ғалымы Ермұқан Бекмаханов, жерлес жазушымыз Ілияс Есенберлин «Қаһар» романында жан-жақты көрсеткен. Соның жалғасындай 1995 жылы жазушы Ахметжан Байжанның «Бектауыл Баубек батыр» атты тарихи кітабы басылып шықты.

Сабақтың санаға сіңірері мол болды

№35 «Болашақ» балабақшасының «Күншуақ» логопедтік тобында Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Бала тілін жетілдірудің маңызы зор

Соңғы жылдары балалардың тіл дамуы төмендеді. Бүлдіршіндеріміздің сөз қорының аздығы актуалдық мәселеге айналғалы қашан. Ғалымдардың ұзақ жылғы зерттеуінің нәтижесінде, балалардың тіл дамуы саусақтың қозғалуына байланысты деген тұжырым жасалған.

Еркелетудің де шегі бар

Отбасы – әр адамның шағын отаны. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ, әрі бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік.

Әр ұлттың өз тарихы бар

Ұлттық киім арқылы да белгілі бір халықтың болмысын, табиғатын танып-білуге болады. Облыстық тарихи-өлкетану музейіне барғанымызда түрлі ұлттардың қатар-қатар тізілген костюмдерін көріп, елімізде тұрып жатқан этностардың мәдениеті көз алдымызда қайта жаңғырғандай әсер алдық.

Домбыраны дәріптеген орыс баласы

Халқымыздың ұлттық аспаптарының ішінде домбыраның алатын орны ерекше. Ертеде әр қазақ отбасының үйінің төрінде домбыра ілулі тұратын. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп Қадыр ақын айтпақшы, осы аспаптың халқымызға қаншалықты қымбат екенін түсіну қиын емес. Домбыраның құлағында ойнайтын аға-апаларымызбен, ұл-қыздарымызбен қазір де мақтана аламыз. Осы орайда, өзге ұлт өкілдерінің де ұлттық аспабымызды жатсынбай, қызығушылық танытып жүргені өнерде шекара жоқ екенінің, өнер ұлт пен дінге бөлінбейтінінің дәлелі деп түсінеміз. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз домбыраның қос құлағын бұрап, күмбірлетіп күй төгіп жүрген орыс баласы Александр Скороходов.

Рухани байлық кітапта

Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі және «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ұйымдастыруымен жалпы жұртшылық үшін өте пайдалы телемарафон өз жұмысын бастады. Ондағы мақсат ел назарын әдеби мұрамызға аударып, ұлттық және әлемдік әдебиеттің жауһарларын насихаттау.

ҰЛТ МҮДДЕСІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН ТУЫНДЫ

Жақында «Жібек жолы» баспасынан қоғам және мемлекет қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуездің «Ділім» атты кітабы жарыққа шықты. Мұнда автордың әр жылдардағы мақалалары, түрлі басылымдарға берген сұхбаттары, халықаралық және республикалық симпозиум-конференцияларда жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздері, айтқан ой-пікірлері берілген.