Дүкен қызметі тегін

Облыс орталығындағы Науан Хазірет атындағы орталық мешітте қайырымдылық дүкені жұмыс істеп келеді.

Әлеуметтік жағдайы нашар және аз қамтылған жандарға арналған бұл қайырымдылық дүкені Рамазан айында ашылды. Басқа дүкендерден басты ерекшелігі – мұнда тегін қызмет көрсетіледі.
Сауда орнына Көкшетау қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің тізімі бойынша алпыстан астам адам тіркеліп, азық-түлік, киім-кешек, тағы да басқа күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды қажетінше тегін алады.
Мешіт қызметкерлерінің
айтуынша, дүкен жұмысы мешіттің өз қаржысы есебінен және демеушілердің көмегімен жүзеге асырылып отыр. Сондай-ақ, өзге  жамағат үшін де дүкен есігі әрқашан ашық.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар