Дәрігерлерге ризамын

Осы жуырда жүрек талмасымен облыстық аурухананың жүрек орталығына келіп түстім.

Сол жерде жүрегіме ота жасаған жас хирург Біржан Тасболатұлының өзінің біліктілігімен көпшіліктің алғысына бөленіп жүргеніне көзім жетті. Отадан кейін емдеген Райхан Есханқызының шипалы қолы мен жылы сөзінен де науқасыңнан біржола айыққандай жеңілдеп қаласың.
Жалпы, бұл ұжымда көп жылдар бойы адам өміріне арашашы болып жүрген қыздарымыз баршылық. Айталық, нев-рология бөлімшесінің меңгерушісі Айгүлім Романова, ревматология бөлімінің меңгерушісі Гүлбаһрам Шортаева және жүрек ауруларына ем жасайтын тәжірибелі дәрігер Гүлә Нығметова сондай жандар.
Осы аурухананың бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты Серік Әкпенұлы Аяғановқа да науқастардың айтар алғысы шексіз. Өйткені, ол осы емдеу орнына көп еңбек сіңіріп, оның аумағын  да, ішін де жақсартып, көркейте білген. Дәрігерлер мен орта, кіші буын медицина қызметкерлерінің  бәрі өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан, ауруханадан тәуір болып шығуыма қолдан келген барлық жағдайды жасаған ұжым мүшелеріне аналық ақ алғысымды білдіргенді жөн көрдім.
Фарида НҰРҚЫЗЫ.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар