Дұрыс тамақтана білеміз бе?

Ұлттық салауатты тағамтану орталығы облыстық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Дұрыс тамақтану – ең өзекті мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелге облыстық денсаулық сақтау, білім басқармалары мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері қатысты.
Шарада облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Айдар Тегжанова аталмыш департаменттің жұмысы жайлы баяндама жасады. Дөңгелек үстелде облыстық білім басқармасының бас маманы Жұлдыз Елубаева білім беру ұйымдарында оқушылардың тамақтануы жөнінде ой бөлісті. Сондай-ақ, шарада Милана Адахаджиева, Айғаным Қыдырменова сынды оқушылар да сөз алып, дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі деген қорытындыға тоқталды. Жиын соңында бірқатар оқушылар ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. 
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар