Дамудың темірқазық нысанасы

Таяуда Ақмол  орта мектебінде облыстық ақпараттық-насихат тобы өңірдегі еңбек ұжымдарымен жүздесіп, Елбасы Жолдауының мәні мен мазмұнын тереңнен толғап, түсіндіріп берді. Ел дамуының темірқазық нысанасы іспетті тарихи құжатта алға қойылған міндеттерден туындайтын жүк баршаға ортақ.

Облыстық мәслихаттың депутаты, «Ақмола-Феникс» акционерлік қоғамының бас директоры Максим Божко мен облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов алдымен Елбасының Үндеуіне тоқталды. Елбасының әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіліктерін Үкімет пен атқарушы органдарға беретіндігі туралы өз пайымдауларын қолмен қойғандай етіп айтып берді. Бұл өкілеттіліктерді беру тиісті заңдарды өзгерту арқылы жүзеге асырылатындығы да ұмыт қалған жоқ. Ал, ол өзгеріс мемлекеттің, қоғамның дамуына қалай ықпал ететіндігі де сарапталды.
– Ел тарихына ой көзімен қарасақ, – деді Максим Владимирович,– еліміз егемендік алған кезде айрықша күшті президенттік вертикальдің жас мемлекетімізді қалыптастырудағы рөлі өте зор болды. Қиыншылық та өте көп болатын. Сол қиындықты жеңу үшін жұмыс істеген биліктің осы формасы өзін-өзі ақтап шықты. Енді міне, жиырма бес жыл ішінде тәуелсіз мемлекетіміз төрткүл дүниеге танылып, күш-қуаты артып, экономикалық өрлеудің сара жолына түскен кезде уақыттың талабына сәйкес билік тармақтарының арасында өкілеттіліктерді бөлу қажеттілігі туындап отыр. Өйткені, дүбірге толы дүние жаңаша сипатпен үздіксіз даму үстінде.  Елбасы да бұл жөнінде кемеңгерлікпен айтып отыр. Алдағы уақытта Үкімет пен Парламенттің рөлі күшейіп, даму бағыты кеңейіп, қарқыны үдей түседі. Өзгерістердің болатыны туралы ел Президенті өткен жылы ескерткен болатын. Барша дүние жаңарып, жаңғырып жатқанда Қазақстан сырт қала алмайды ғой.
Еңбек ұжымдары қатысып отырған жүздесуге Елбасының халыққа жолдаған Жолдауынан туындайтын асқаралы міндеттер мен мақсаттар сараланды.
– Елбасы өз Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруына орай, қандай мәселелерге жете көңіл бөлу керек екендігін саралап айтып берді, – деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов, – ең басты мақсат, әлемдегі дамыған отыз мемлекеттің қатарынан табылу. Бұл жай ғана қиял-ғажайып арман емес, келешегі кемел, күш-қуаты толық еліміздің қол жеткізуге әбден мүмкіндігі бар меже. Діттеген мақсатқа жету үшін бес негізгі басым бағыт белгіленді. Жолдаудан туындайтын міндеттерді өз саламызға қатысты айтатұғын болсақ, білім беру саласына да аз міндет жүктеліп отырған жоқ. Бірақ, сол міндеттерді дер кезінде жеріне жеткізе атқару үшін бар білім-тәжірибемізді, күш-қуатымызды сарқа жұмсауға тура келеді.
Кездесу барысында қарапайым ел тұрғындары тарапынан өздерін толғандырып жүрген сауалдар қойылды. Үгіт-насихат тобының мүшелері көптің көкейіндегі білмекке ұмтылған сұрақтарға толымды жауап берді. Елдің ынтасы болашақтың бағдарына ауған. Ендігісі
Елбасы жүктеген міндеттер биігінен көріну.
 
Салтанат ИРЕШОВА,
аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар