Дамудың жаңа кезеңі үшін бәріміз жауаптымыз

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында «Әр халықтың өмірінде ұлттық болмысының барша қуатын танытатын кезеңдер болады» делінген. Менің ойымша, партиямыздың Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүгінде нағыз ұлттық мінезді көрсетті. Өз халқына сенімді адамның мінезін, нағыз Елбасының мінезін көрсетті!
Біз әлдебір іс үшін ғана емес, өзіміздің, еліміздің тағдыры үшін бүкіл жауапкершілікті Тұңғыш Президентке жүктеген кезде оған оңай болмағаны сөзсіз. Бірақ, оның күшті билігі, Қазақстанды өз жолымен алға бастауға деген батылдығы, халықтың өмірлік проблемаларының оңтайлы жолын болжай білудегі көрегендігі  Қазақстанның өз дамуында табысқа жетуіне мүмкіндік берді.  
Ал, қазір мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктер қайта бөлінетін кезде  басқару жүйесі күрделі болады. Себебі, қоғамды демократияландыру халқыңның, еліңнің тағдыры үшін аса зор жауапкершілік екенін біз білеміз. Біздің Елбасы осы істі қолға алды.
Журналистер менен: «Ал, депутаттар өздеріне жүктелетін жауапкершілікті мойындарына алуға дайын ба?» деп сұрайды. Мен бұл сұрақ басқаша қойылуы керек деп есептеймін: «Біздің бәріміз және әрқайсымыз елді өзгерту жөніндегі үлкен жұмысқа,  еліміздің болашағы үшін өзімізге жауапкершілік алуға дайынбыз ба?». Бұлай дейтін себебім, менің пайымдауымша, бүгінде әр қазақстандық өзінің азаматтық қасиетін көрсетуі керек,  өзі үшін, өзінің туыстары мен жақындары үшін, біздің үлкен отбасымыз  – Тәуелсіз Қазақстан үшін де  жауапкершілік алуға дайын болу керек. Ендеше, әркім өз орнында өзі туралы ғана ойламай, адал және бар мүмкіндігін жұмсап жұмыс істеп қана қоймай,  өзіне жауапкершілік алудан қорықпауға, қажетті шешімді уақытылы қабылдауға үйренуі,  мақсатқа жете білуі қажет.
Әрбір қазақстандықтың осындай жеке жауапкершілігі болғанда ғана біз Тәуелсіз Қазақстанның  экономикалық дамуын жеделдетуге, сондай-ақ, елдегі  партиялық-саяси жүйенің тиімді қалыптасуына қол жеткіземіз.
Ал, өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі жұмыс менің ойымша, көптен бері қарқынды және мақсатты жүргізіліп келеді. Егер бұрын көптеген мәселелер бо-йынша жергілікті атқарушы органдар орталыққа тәуелді болса, енді  функциялардың елеулі бөлігі тиісті кадрлармен, бюджетпен бірге жергілікті жерге беріледі. Бүгін төртінші деңгейдің бюджетін заңнамалық түрде шешудеміз, яғни, жақында халқы екі мың адамнан асатын елді мекендер 19 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ғана болып қоймай, олардың дербес бюджеті де болады.
Ұлт жоспарының «Ашық үкімет» деген бесінші бағыты шеңберінде  министрлердің, барлық деңгейдегі әкімдердің жанындағы Қоғамдық кеңестер арқылы, «Ашық бюджет», «Ашық деректер», «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» және «Мемлекеттік органдардың қызметін бағалау» порталдары арқылы әрбір қазақстандық өз өңірінің, тұтас алғанда елдің дамуына ықпал ете алады және соған ұмтылуға тиіс. Енді биліктің жоғары деңгейінде өкілеттіктерді қайта бөлуге кезек келді.  Өкілеттіктерді ғана емес, ең алдымен жауапкершілікті бөлетін уақыт келді.
Бүгінде Парламент өзінің барлық функциясын: заңнамалық, бақылау, коммуникативтік, реттеу функциясын жеткілікті деңгейде кәсіби орындап отыр, жауапкершіліктен ешқашан қашқан жоқ және қашпайды да. Сондықтан, Парламенттің екі палатасының жұмыс істеген жылдарында жинақтаған тәжірибесі елдің жоғары заң шығарушы органына жүктеу ұсынылып отырған қосымша өкілеттіктерге де, халқымыз бізден күтіп отырғандай тиісті түрде қарауға мүмкіндік береді.
Майра АЙСИНА,
Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар