Дамып келе жатқан ауданға әлі де серпін керек

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Сандықтау ауданында болып, өңірдің жағдайымен танысты, есеп беру кез-десуіне қатысып, алда тұрған міндеттерді белгіледі.

Облыс басшысы сапарын Сандықтау ауылындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №3 балалар үйінен бастады. Бүгінгі таңда мұнда 61 бала тәрбиеленуде. Оның 58-і мектеп жасындағы болса, 3-еуі мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндер.  Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған көне ғимарат бүгіндері күрделі жөндеуді қажет етеді. Сол себепті, облыс әкімі аталған ғимаратты жаңғырту үшін биылғы жылға 1 миллиардтан астам теңге қаржы бөлініп отырғанын атап өтті. Өңір басшысы облыстық білім басқармасының басшылығымен ғимараттың балаларға жайлы болуы үшін күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарын талқылады.
– Балалар жататын корпустағы бөлмелер бұрынғыдай үш-төрт адамға емес, екі балаға лайықталып қайта жасақталады. Бірінші қабатында медициналық пункт қарастырылған. Сонымен қатар, технологиялық жабдықтар ауыстырылып, балалардың тәлім-тәрбие алуына барлық жағдай жасалынбақ. Алдағы уақытта Есілдегі балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді де осында көшіру жос-
парланып отыр, – деді аталған мекеменің директоры Валентина Крыжановская.
Айта кетейік, балалар үйін жөндеу облыс әкімінің жеке бақылауында. Өткен жылы С.Кулагиннің тапсырмасымен Ақкөлдегі балалар үйінде 761,4 миллион теңгеге күрделі жұмыстар жүргізілді.
Одан әрі облыс әкімі осындағы дәрігерлік амбулатория да болып, дәрігерлер ұжымымен кездесті.  Медициналық мекемеге өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бас дәрігер Дәурен Алпыспаевтың айтуына қарағанда, қазіргі заманғы медициналық құралдармен жабдықталған мекеме дәрігерлері тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде. Әйтсе де, кейбір түйткілді мәселелер де жоқ емес. Әсіресе, білікті мамандардың тапшылығы сезіліп тұр. Мұндай жағдай Каменка ауылындағы агротехникалық колледжінде де бар. Аталған білім ордасының күрделі жөндеу жұмыстарынан соң екінші тынысы ашылғандай. Ғимарат өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы бөлінген 122,8 миллион теңге қаржыға жөнделген.
Сонымен қатар, облыс әкімі Балкашин ауылындағы он сегіз пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы мен Новомарковка ауылы маңында салынған су өткізу қондырғысын бақылап көрді. Осы орайда, көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында салынған су өткізу қондырғысының құрылысына жеті миллион теңге  қаржы бөлгені үшін ауыл тұрғындары облыс әкіміне алғысын білдірді.
Сергей Кулагин одан әрі  аудандық мәдениет үйінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап,
аудан әкімі Асылбек Исмағамбетовтың жергілікті тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуіне қатысты. Облыс басшысы ауданда мал өнімдері аз өндірілетінін атап көрсетті. Әсіресе, ауданның мемлекеттік бағдарламаға қатысуы көңіл көншітпейді.
– Қолда барды қанағат етпей, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға барлық кәсіпкерлер атсалысулары қажет. Сандықтау ауданының орналасқан жері өте қолайлы.  Оның үстіне өзге өңірлермен салыстырғанда ауданда білікті мамандар да жеткілікті. Соған қарамастан, ауданда экономикаға күш беретін өнеркәсіп орындары жоқтың қасы. Сонымен бірге, шағын және орта бизнесті қарқынды дамыту қажет, – деді облыс әкімі өз сөзінде.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі аудан басшылары мен жергілікті кәсіпкерлерге әлеуметтік салаға назар аударуды тапсырды. Еңбекте өнеге көрсетіп жүрген бірқатар сандықтаулықтар облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Аслан Оспанов.

Сандықтау ауданы.
Суретте: Сандықтау селолық дәрігерлік амбулаториясының тіс дәрігері  Надежда Журавлева.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар